Сен тұр - мен айтайын!

Алматы қаласының әкімдігі осы мәселені қаперге алсаңыздар деймін

  • Алматы қаласының әкімдігі осы мәселені қаперге алсаңыздар деймін

    Алматы қаласының әкімдігі осы мәселені қаперге алсаңыздар деймін

Алматы қаласы, Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысы. Күнде осы көрініс. Кешкі төрт-бестен басталады да, түнгі ондарға дейін жалғасады. Жұрт екінші, кейде үшінші қатарға дейін шығып кетеді. Көліктен ықпайды. Төле бимен келіп, Момышұлына бұрылатын көліктер бағдаршам бір жанғанда бір-екеуі өтіп үлгерсе үлгерді, үлгермесе кептеліп тұра береді. Қанша жыл болды, бірақ бір тәртіпке келетін емес. Кейде ЖПП тұрады, бірақ олар көліктерді тоқтатпау жағын ғана реттейді. Анау жерде тұрған халыққа түсіндіру деген жоқ. Енді жұрт Төле бидің бойына көше бастапты. Яғни, автобус жолағынан такси ұстайды. Бір көлік тоқтаса, артынан қанша көлік кептеліп тұрады.

Халықты да кінәлай алмайсың. Бәрі үйіне кеткісі келеді. Бұл – Ұзынағаш бағытына кететін тұрғындар. Онсыз да таң азаннан қалаға жұмысқа келетіндер ертерек үйіне жетіп алғысы келеді. Олар және аз емес. Бұған "Алматы облысының балаларына жатақхана берілмейді" дейтін "ережеге" орай қаладан жатақхана ала алмайтын студенттерді қосыңыз. Осыны реттеуге не кедергі? Күн сайын кешкі бестен бастап түнгі онға дейін жол полициясы кезекшілік етсе; арнайы аялдама жасап қойса; тура жол қиылысына тоқтағандарға айыппұл салса; сәл әрірек, "кармашкаға" тоқтауға мүмкіндік берсе, сәл де болса реттеліп қалар еді. Бірақ соған ниет жоқ секілді. Алматы қаласының әкімдігі, Двд Алматы, осы мәселені қаперге алсаңыздар деймін.

Қалалық әкімдік Төле би көшесінің бойындағы жөндеу жұмыстарының тәулік бойы жүруін, жылдам бітуін де қадағалауы керек деп ойлаймын. "Уақытша қолайсыздық" емес, ұзаққа жалғасқан қолайсыздық болып кетті. Бүгін, мәселен, таңертең жеті жарымның кезінде, тура жұрт жұмысқа, сабаққа бара жатқан уақытта Төле би көшесінің Розыбакиевпен қиылысқан тұсын тұтастай жауып тастады. Алдын ала, яғни Райымбек даңғылынан жол жабық екенін білдіретін белгі қоюға не кедергі? Қаншама көлік дәл Төле биге барып тіреліп, кері қайтуға мәжбүр болды. Қолдан жасалған қолайсыздық!


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31