Сен тұр - мен айтайын!

Алматы қаласының əкімшілігі осы мəселені шешсе, дұрыс болар еді

  • Алматы қаласының əкімшілігі осы мəселені шешсе, дұрыс болар еді

    Алматы қаласының əкімшілігі осы мəселені шешсе, дұрыс болар еді

Алматыда автобусқа мінсем, біраз жүйке талшықтарым өледі. :) Бүгін Абай-Алтынсариннен 34 бағыттағы автобусқа отырдым. 19-03-те смартфонмен билеттің ақшасын төледім. Жүргізушіге "Міне, жолақысын төледім" десем, "маған емес, мына қызға көрсет" дейді. Көрсеттім. Отырдым. Үш аялдамадан соң, "Оңайларыңызды дайындаңыздар" деп тағы бір қырықтағы кісі мінді. Тағы тексерді. "Осы екі-үш аялдама сайын тексеретін не əдет?" деп ұрыстым. :)

19-35-те (əдейілеп сағатқа қарадым) "Оңайларыңды дайындаңдар" деп тағы біреу мінді. Отыз бес минутта үш адам тексерді. Бұл не сұмдық? Бұл жолаушының құқын таптау емес пе? Жолаушының жүйкесін аяу керек қой. Əлгі қыз бен ер адам мені нұсқап, "ана қыздыкін тексерме" деді ме, əлде тексеруші мені байқамады ма, тура тексерсе, айқайлайын деп отырғам. :) Алматылықтардың жүйкесі мықты екен.

Мəскеуде автобуста билет тексеретіндерді екі-ақ рет көрдім. Мəскеуде тұратын құрбым да "иə, мұнда сирек тексереді" дейді. Жолаушыға деген сенім болу керек емес пе?

Мынандай тексерістен кейін автобусқа мінгің келмейді. Жүйкеңді аяйсың. Онсыз да Қазақстанда жүйке ауыртатын нəрсе көп. Алматылықтардың көпшілігі күнде қоғамдық көлікпен жүреді. Автобуста тексерісті азайту керек. Алматы қаласының əкімшілігі осы мəселені шешсе, дұрыс болар еді.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1298    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 23:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31