Сен тұр - мен айтайын!

"Әліппені" қайтарса, бүкіл қоғам соған балаша қуанып жатса, бұл біздің деңгейімізді көрсетеді

  • "Әліппені" қайтарса, бүкіл қоғам соған балаша қуанып жатса, бұл біздің деңгейімізді көрсетеді

Marat Raimkhanov отбасымен елден көшіп кетіпті. Канадаға. Енді оралмаймын, бәрі қыздарымның болашағы үшін деп жазыпты. Кім кетпей жатыр дерсіз. Бірақ қазақтың мұндай сапалы мамандары шекара асып жатса, келешегімізге сенбесе, елде түбегейлі реформалар жасау керек деген сигнал. SOS сигнал!

 

"Әліппені" қайтарса, бүкіл қоғам соған балаша қуанып, шәпкісін аспанға атып жатса, бұл біздің деңгейімізді көрсетеді.

 

Парасыз, қауіпсіз, жалақы алаңсыз өмірге жететін қоғам құруымыз қажет. Оған жағдай, шарт жасау үкіметтің, биліктің міндеті. Ал сол шартты орындау азаматтардың парызы. Нәтижесінде, әлгі қоғамға келуіміз мүмкін.

 

Лайк жинайтын, косметический ремонт сияқты өзгерістер еш реформа емес. Ол уақытша шаралар. Қоғамның құндылықтарына оң ықпал ететін реформалар, бетбұрыс жасайтын жаңа бастамалар қажет!

 

Әр маманды жоғалту - экономикаға, елге үлкен шығын. Себебі 1 маманды даярлау үшін кемі 25-30 жыл уақыт, қаншама ресурс кетеді. Енді оны құнттамаса, ұстап қалмаса, осынша инвестиция құйылған маманды өзге елге дайын қылып, "апарып береміз".

 

 

 

Nurmukhamed Baigarayev

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2013    Пікірлер: 0

сенбі, 14.08.2021, 22:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31