Сен тұр - мен айтайын!

Алтын үшін алысып, жасау үшін жұлысқан мұндай құдағайларға не дерсің?

  • Алтын үшін алысып, жасау үшін жұлысқан мұндай құдағайларға не дерсің?

    Алтын үшін алысып, жасау үшін жұлысқан мұндай құдағайларға не дерсің?

Көкшіл көзі бар көздің жауын алатын жүзікті көрсетіп, құдағайының жеті атасынан сыбап отырған танысым,

- Албастының тағып кеткенін қарашы! Ташкентский ме, арзан-құрзан қоқыс әйтеуір деп бұлданып жатты.

Жылтыраған жүзікті біресе жынданып тұрып сілкілейді, аударып-төңкеріп номерін қарайды.

Ойбай-ай, ойбай! Не бетімен тақты екен? Бетіне барып лақтырсам ба тура!


Таң қалатын түгі жоқ! Кит үшін өкпелесіп, түкке алғысыз тоғыз үшін тоқпақтасатын кей құдағайлардың кәдуілгі әдеті.

Тіл мен жақ барда айтып қалу керек.

"Ломбард та алмайды мұны! Мынаңғараш міне."

Ауызына салып, азу тісімен гірш еткізіп тістеп, тағы да тексеріп алды.

Бағаналы бері сөзін тыңдап отырған мен таңданып,

- Дәмі қандай екен?, - деймін.

- Жай ғана қаңылтыр да. Сол жарымағыр қымбатын тағады дейсің бе?

Қайтарармын әлі. Әлюмин тағып, абыройын айрандай төкпесем, Пәленше атым құрысын!!

Еее де, Алтын үшін алысып, Жасау үшін жұлысқан мұндай құдағайларға не дерсің?

Жастар бақытты болсын де! 


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30