Алып КСРО-ның құлауының бір себебі, сапалы тауар шығаруы

01 тамыз 2021, 14:11

Алып КСРО-ның құлауының бір себебі, сапалы тауар шығаруы деп ойлаймын. Мысалы, мына аяқ киімді үйдегі балалар түгел киетін. Үйдегі балалар өсіп кетсе, туыстың балалары да кезекпен киіп шығатын. Менің өзімнің кішкентай кезімде киген куртканы қарындасым,інім, одан басқа отбасының балалары киді. Сапалы болғаны сонша 10-15 жылға шыдас беретін. Мұздатқыш, теледидар, магнитафон т.б. тұрмыстық заттар да 15-20 жылға дейін бұзылмайтын. Осыдан кейін нарықта айналым азаяды. Түсетін пайда төмендейді. Пайда болмаған соң экономика құлдырап, мемлекет әлсірейді. Ал қазіргі аяқ киімді өзің бір жыл кисең рахмет айтасың. Сапасыз заттар нарықтың заңы. Сауда айналымы тоқтамайды. Зауыт-фабрикаға сұраныс азаймайды.т