Амандасудың әлқиссасын “Ақша табамын десең” деп бастайтындар ұрпақтың санасын улап жатқандай көрінеді.

31 қазан 2021, 15:28

Кеше бір досыммен пікір таластырып қалдым.
Мен, қазір екінің бірі - білгені де білмегені де жұртқа үйреткіш ақылгөй, ақша тауып, байлыққа шақыратындар екенін айттым.
Ол болса мұның дұрыс екенін алға тартты. “Қазір халық сауатын ашуға ұмтылып жүргендер де бар. Біреуден бірдеңе үйренсең оның несі айып?” деп қарсы ой танытты.
Кешіріңіздер, дәл біздің елдің халқы сауатсыздық, кім көрінгенге жем болу жолында сияқты көрінеді. Амандасудың әлқиссасын “Ақша табамын десең” деп бастайтындар ұрпақтың санасын улап жатқандай көрінеді.
Жеңіл жолмен ақша табуға неге құмармыз? Қыздарымыздың “көк иненің *өтін түртпей” ақша тапқаны расымен де табыс па? Ол керісінше, қорқынышты дүние епес пе? Ал жігіттеріміздің білім мен еңбектің жолымен емес, “тіл мен жақтан” тапқан пайдасы отбасына береке әкеле ме? Бұл қазақ жігіттерінің жолы ма?
Өз басым қанша жерден білімді болсын, адамды дүние табуға шақыруды, соған үгіттеуді құп көрмеймін. Ұрпағымызға бәрінен бұрын Адам болуды үйретейік. Білім мен ғылымның қай дұрысы ми мен жүректі жаттықтыруға шақырады. Шыңдайды. Иә! Табысты табудың жолы көп. Ал бұл екеуі табысыңның адалынан болуына кепілдік береді. Адал табыстың берекелі болары сөзсіз.
Ақшаны иманнан, адамдықтан, тазалықтан, туыстан, махаббаттан, еңбектен, бірліктен кейінгі орынға қояйықшы?! Екі дүние бақытының алгаритмі осы шығар, а?!

facebook.com парақшасынан