Сен тұр - мен айтайын!

Американың Ақ үйін аузына қаратқаны үшін Әселді аспанға көтерейік

  • Американың Ақ үйін аузына қаратқаны үшін Әселді аспанға көтерейік

    Американың Ақ үйін аузына қаратқаны үшін Әселді аспанға көтерейік

"ҮЙКҮШІК" ДЕГЕН ЖАҚСЫ СӨЗ ЕМЕС


Қазақтар үйінен ұзап шықпайтын адамды... "Үйкүшік" дейді. Одан да жаман тағы бір сөзі бар. Ол -"Айналшық жегендей неменеге үйді айналып шықпайсың" дегенге келеді. "Айналшық" дегеннің не екенін мен тәптіштемей-ақ түсінерсіздер деп ойлаймын.
Кеңес өкіметі кезінде қазақтың ұлдары мен қыздары шетелге барып оқып, жұмыс істеп, қызметке орналасу тұрмақ, мына тұрған Алматы барса ата-анасы, ауыл-аймағы тура бір мұхит асып келгендей таңғалушы еді.
Облыс орталығының өзіне бару мұң заманда, әрине, Алматы асу әрбір жас үшін қол жетпес арман болды.
Ойпырай десейші, сол кезде ғой, анау апалы-сіңлілі Нақыпбековалардың кішісі Англияда қалып қойып еді, қандай "шу" болды. Білетіндеріңіз бар ма, кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпастан өмір сүру үшін Лондонды таңдады да, қала салды ғой.
Ой, сол кезде кеңес өкіметнің коммунистік идеологтары Нақыпбековаларды жерден алып, жерге салды-ау әбден. Елге оралған екі әпкесін де отырса опақ, тұрса сопақ қып, күн көрсетпеген. Концерттерден де, қызметтерден шеттеткен.
Тәуелсіздік алғалы қазақ жастарын шетелдің түкпір-түкпірінен көресің. Әрине, жолы болмай жатқандары да, қылмыс әлемінің құйтырқыларына ілесіп, істі боп, сотталып жатқандары да бар.
Бірақ "Торғайдан қорыққан тары екпейді", сондай болды екен деп жастарды кеңес өкіметі кезіндегідей тұсап ұстап отыра алмайсың.
Мына Әсел де сол қазақ жастарының бірі. Сол сүйріктей қыздың өз күшімен қол жеткізген жетістігіне, жеңісіне қуанып жұртынан сүйінші сұрағандай бірер сөз жазып ек, пікірі мен пайымы екіге жарылды. Бірі "дұрыс", екіншілері "бұрыс" деп бұрқан-талқан.
Жә, "дұрыс" дегендікін "дұрыс" дейік, ал "бұрыс" дегендікілердікі не сонда?
...деп оқи бастасаң, сол баяғы "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол", "Робертс деген шалдың баласын көбейтіп жатқан шығар" деген сияқты толып жатқан (кейбіреуін ұмытып та қалдым) қарын аштыратын қысыр әңгімелер.
"Робертс" демекші, ұлы Мұхтар Әуезовтің үшінші әйелі Валентина Николаевна Кузьмина деген орыс қызы болған. Мұхаң одан Лейла деген қыз көрген. Лейла &mdash тарих ғылымдарының докторы. Ұл да көрген Ернар деген, онысы биолог.
Ал енді қазақтың ең сұлу қызы, мақтанышы, "Қыз Жібек" фильміне түскен, өзі аса талантты суретші Гүлфайрус Исмайлова апамыздың күйеуі... Евгений Сидоркин деген орыс. Ол да суретші.
Басқаға қиса да, Гүлфайрустай сұлуын "мен" деген қазақ орысқа қияр ма еді? Бірақ апамыздың көңілі Евгенийді қалады. Евгений де апамызды алақанына сап өтті. Басқа біреу болса апамыздың талантын дәл сол Сидоркин сияқты қадірлей алар ма еді? Әй, қайдам?!...
Мұның бәрі отыра қап жер тепкілесеңдер де шындық! Бірақ Мұхаң да, Гүлфайрус та қазақ боп қалды, қазақ боп қалып қазақ әдебиеті мен өнерін әлемдік деңгейге көтерді.
Түріктердің сұлтандарының әйелдері де, бүгінгі байларының келіншектері де орыс қыздары. Бірақ одан орыстанған түрікті көргем жоқ. Бәрін түрікше сөйлетіп, мұсылман ғып жіберген.
Қзақтар да сөйтеді әлі.
Қазақ мықты болуы үшін сол қазақтың ұл-қыздары әлемнің түкпір-түкіпіріндегі елдерде басын жерге салмай, кеудесін тік көтеріп, өздерін өзгелерге танытып, мықты болып жүруі керек.
Мәскеуден де басқа жерде ел бар, жер бар, қызмет бар, өнер бар, білім бар, ғылым бар, жап-жақсы тұрмыс бар. Қабілетіңді бағалайтын қауым бар. Бар да таныт, қазақтың кім екенін!
Америкада жүрген анау полицей-боксшы азаматымыз да, Ақ үйдегі президент хаттамасының директоры болған мынау Әселіміз де солардың бірі.
Бұлардан бөлек қаншама спортшыларымыз жүр. Бизнесмендеріміз жүр.
"Үйкүшік" деген жаман сөз. Құдай қазақтың "үйкүшік" боп, үйінің күл-қоқысынан ұзай алмай, үйлеп жатқанынан сақтасын!
Немесе...
"Айналшық жегендей" үйін айнала бергеннен аулақ қылсын!
Өмірге басқа көзбен қарайтын кез келді. Қазақтар дүниенің төрт бұрышында түгел қаптап жүруі керек.
Түркияға барып демалған сайын көрем, ылғи орыстың қыз- келіншектері мен кемпір-сампырлары қыдырып жүрген, дүкендер мен базарлардан зат алып зуылдап жүрген де солар.
Ал қазақтарым... ілуде біреу ғана. Сол кезде аздығыңа әй, бір өкінесің...
Шетелде демалуды да, өмір сүруді де, қызмет етуді де үйрену керек қазаққа. Бірер қазаққа емес, бар қазаққа!
Соның бәрі ертең туған еліне қаржы боп құйылады. Бірден емес әрине, бірте-бірте.
Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты жас кезінде Қытайда қызмет етіп жүрген жерінен елге шақырып, қызмет бергенше осы жерде отырғандардың қайсысы білді?
Ешқайсысы!
Әселдер де ертең елі аттай қалап шақырса, неге келмеске? Ана полицей-боксер баламыз неге оралмасқа? Әселдер алдағы уақытта мыңдап, миллиондап көбейсе, тегі жақсы болар еді.
Сондықтан шетелдегі азаматтарымызды басқа ұлттан әйел алып қойыпты, шетелдегі қыздарымызды басқа ұлтқа байға тиіп кетіпті, одан да "өз елінде ұлтан болғаны жақсы" еді деп, жерге тыға бергенше, қайта Американың Ақ үйін аузына қаратқаны үшін аспанға көтерейік.

Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3845    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31