Сен тұр - мен айтайын!

"Ана кісінің адамы" мен "мына кісінің адамы" арасындағы тәжіке сонда тоқтар...

  • "Ана кісінің адамы" мен "мына кісінің адамы" арасындағы тәжіке сонда тоқтар...

Баяғыда біздің ауылда бір кісі тұрып еді. Қорасында иті көп. Мал күтуге бара жатсаң талап жей жаздайды. Әй, көзін құртсаңшы ! - десең. Ой, бір ұрғашысы бұралқы боп келіп еді, соның күшіктері ғой. Қайда құртамын, жүре берсін, - дейтін жайбарақат. Мемаппарат пен ұлттық компанияларды қысқартуға қатысты ұсыныс іске асса талай "күшік" қыңсыламақ. Себебі 14 жыл бұрын ашылған Ұлттық компанияның тез балалағаны сонша шәуілдегі өте көп, ол маңға бұралқы болып барғанның бәрі қазір желкесі күжірейіп, "арланға" айналып алған. Оңайлықпен берілмес. Мемаппаратты қарап тұрсаң да түсініксіз қызмет көп. Сырттан қарап біреудің көмекшісі, көмекшінің көмекшісі, көмекшінің көмекшісінің папкасын көтеруші, телефонын тасушы деген мамандық пайда болған ба деп ойлайсың? Былтыр 50 пайызға қысқартса да түк ұтылмаймыз деп жазыппын, әлі сол ойдамын. Түк тындырмайтын "ана кісінің адамы" мен ештеңеге бас қатырмайтын "мына кісінің адамы" арасындағы тәжіке сонда тоқтар. Қызметте сондай қырқыс көп жылдан бері бар. Ол тоқтамай ел оңбас.


Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1681    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 23:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31