Сен тұр - мен айтайын!

Ана тілімізге жанымыз ашыса бала-шағамызға қазақша сөйлеуге неге талап қоймаймыз?

  • Ана тілімізге жанымыз ашыса бала-шағамызға қазақша сөйлеуге неге талап қоймаймыз?

    Ана тілімізге жанымыз ашыса бала-шағамызға қазақша сөйлеуге неге талап қоймаймыз?

Тіліміз жайында...

Теледидардан ана тілімізде кей шенеуніктің екі сөздің басын қоса алмағанына қарап бастапқыда күлсек, қазір шыны керек ойланатын болдық, тіпті жан-жақты ойлансаң жылағың келеді. Неге? Әрине, оларды жазғыра салу оңай, бірақ мәселенің түп тамыры қайда жатыр? Жә, олар Кеңес кезінде өскен азаматтар деп ақтай салуға болар? Бірақ, кейінгі толқын оңып тұр ма? Қазақ тілін қолдау мен дамыту биліктің қолында деп мемлекетке ысырып қойып, өлтіре сынап, өз тарапымыздан не істеп жүрміз? Назар аударып қарайтын болсақ, қалада тұратын көптеген қазақ жанұяларында балаларының тілі қазақшаға шорқақ. Олардың ата-аналары қазақ тілін білмейді емес біледі. Десе де шүлдірлеп бала-шағасына қосылып, түрі біздікі, тілі өзгенікі болып отырады. Неге дастархан басында, үйдегі қарым-қатынаста ана тілімізді қолданбасқа? Бірақ, мәселе үйде қазақша сөйлеумен ғана шешілмейтіні анық, балаларымыздың сырттағы ортасы қандай, қай тілде мультфильм не кино көріп жүр? Көп ата-аналар азаннан кешке дейін баласының қолына смартфонды ұстатып қойып, оларда шаруасы жоқ. Балада кінә бар ма, әлде жоқ па? Ютубқа кірсе, алдынан менмұндалап басқа тілдің түрлі блогерсымақтары, одан қалса айғай-шуы көп орыстың идеологиясын тықпалаған түрлі мультфильмдері шығады. Оны көрген бала орысша ойлайды, тілі де соған бейімделеді. Балабақша мен мектепте бас қоса қалса, жаппай орысша сөйлейді. Осыны неге уысымыздан шығарып алдық? Неге ана тілімізге шын жанымыз ашыса өзіміз дүниеге әкеліп, өзіміз өсіріп отырған бала-шағамызға қазақша сөйлеуге талап қоймаймыз? Ертең бүгінгі өзіңіз күліп жүрген шенеунігіңіз сияқты оған да күліп қарап отырасыз ба? Әлде жылап бармағыңызды шайнап отырасыз ба? Әлде өзіңізге өзіңіз жаусыз ба? Өз балаларымызды қазақ қыла алмай жүріп, өзгеге мін тағуға асықпайық. Ютубқа шектеу қоя алмайтынымыз белгілі, бірақ құрметті ата-аналар балаларымызды шектеп үйренейікші! Не көріп, не қойып жүргенін білмесек, басқаға қандай сын айта аламыз? Басқа тілдердің баршасын үйренсін, майын тамызсын, ол өмірде өзіне әбден керек, бірақ ана тілінде судай болсын. Баяғы жартас, сол жартас күйінде қалмау керек, ана тіліміздің рухын, қоғам алдындағы деңгейін сақтауға тырысайық! Бәрі де өз қолымызда.

 

Dulat Tastekey
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 19:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30