Сен тұр - мен айтайын!

Аналарға беретін 10 тиындарыңды он саққа жүгіртпей берсеңдерші

  • Аналарға беретін 10 тиындарыңды он саққа жүгіртпей берсеңдерші

    Аналарға беретін 10 тиындарыңды он саққа жүгіртпей берсеңдерші

Мен 4 баланың анасымын! Аллаға шүкір деймін. Бір қызымның денсаулығы туралы 18 жыл үндемей ешкімге білдірмей келдім. Бірақ өткен жылы қызымның денсаулығы тіптен қиындап кетті. Оны қиындатқан өзіміздің Алматыдағы дәрігердердің білімсіздігі.

Жарайды, ол өз алдына бөлек әңгіме. Айтпағым, бізде 4 баласы бар анаға Үкіметтен ай сайын 10 мың теңге жәрдемақы беріліп келген болатын. 2018 жылға дейін. (2019 жылдан бастап бұл Атаулы әлеуметтік көмек статусына ауыстырылып, жұмыс істейтін аналарға кірістері бар деп берілмейтін болды). 2019 жылға дейін өткізгендер бұл жәрдемақыны бала 18 жасқа толғанға дейін ай сайын ала береді. Кезінде сол бұл жәрдемақы жұмыс істейтін аналарға да беріледі деген соң, төртінші баламды туғаннан кейін кеудемді мақтаныш кернеп)), өзімше халықты қызмет көрсету орталығына 4 баламның туу туралы куалігін алып бармаймын ба?! Мәселе осы жерде басталды дерсің. Мен төрт балаға жұмыс істеп отырсам да үкіметтен берілетін 10 мың теңге (абзалында тиын деген дұрыс-ау) алу үшін төрт баламмен және жолдасыммен бір үйде тұрақты тіркеуде болуым керек екен. Ал ендеше "қайдағы бір жерде тұрақты тіркеу"дедім. Жолдасым Қарасай ауданында, мен Алматыда 3 баламен пропискадамын. Жаңа туған баланы туа салып тұрақты тіркеуге тіптен отырғызбағам, Міне, осылай үкіметтің беретін тиынынан қағылдым. Жәрдемақы тағайындайтын кезде прописканың осынша пәрмені бар деп ойламаппын. Бұл жерде мен түсінбейтін бір дүние бар. Қаншама көп балалы ана баспанасыз қаңғырып жүр?! Бір қарыс времянкада тұрғандар бар. Біреуі танысына барып өтінер," мені тіркеуге тұрғызып берші төрт баламен, жәрдемақыға өтіп алайын" деп. Ал танысы жоғы не істейді? Сонда олардың бәрі #Әбілқасымованың үйіне тіркеуге тұра ма?! Министрлік кішкене ақылға қонымды заңдарды ойластыру керек қой. Әйтпесе мына ойлап шығарған дүниелеріңіз көмектесейін, қолдайын деп тұрған адамның тірлігі емес қой. Аналарға беретін 10 тиындарыңды он саққа жүгіртпей берсеңдерші. Қағазбастылыққа онсыз да көмілгенбіз ғой...


Қарлығаш Зарықхановна

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30