Анау тренинг мренингтің көбейіп кетуіне, қатындар, өзіміз кінәліміз))

26 қазан 2021, 01:13

Әйелдердің қызғанышы туралы бірер сөз айтқым кеп жүргеніне бір жылдан асты ше) Ал, айтайын.

 

Менің тренерімнің девушкасы осымен екінші жыл мен жаттығатын уақытта көзі бадырайып кеп отырады. Әдепкіде ол қызға мән бермедім. Бірақ тренердің клиентпен (менімен) жұмысы барысында абдырауы, клиентке дұрыс бағдар бере алмай қалуы жиілеп жүрді. Қызғаншақтық кең дүниені тарылтатын жаман ауру. Ол тек өзіңе ғана емес, серігіңе де әсер етеді.

 

Анау тренинг мренингтің көбейіп кетуіне, қатындар, өзіміз кінәліміз))

 

Еркекті әбден меншіктеп аламыз, ол байғұс әр бұрыштан сені ғана көретін дәрежеге жетеді де, мал табуға, дүние құрауға құлқы болмай қалады. Сосын біз жүреміз неше түрлі "опытный" апымдардың мылжың әңгімесіне ақша төлеп байлық қайда деп.

 

Бүгін о қыз тағы келді көзі бақырайып, шақырып алып таныстым,  менен 16 жас кіші балақайлардың ойыны  маған қызық емес екенін түсінген болар.

 

Еркекке мүмкіндік беріңдер, тау қопарып, тас қаласын!

 

 

 

 

Сара Рахатова

 Фейсбуктегі парақшасынан