Сен тұр - мен айтайын!

Әнгіменің тоқ етері өлең оқығанда шіли эмоцияға берілудің қажеті жоқ екен...

  • Әнгіменің тоқ етері өлең оқығанда шіли эмоцияға берілудің қажеті жоқ екен...

    Әнгіменің тоқ етері өлең оқығанда шіли эмоцияға берілудің қажеті жоқ екен...

Ақындардың "махаббат" тақырыбына немесе абыройлы бір кісіге арнап шығарылған өлеңдерін записке басып оқығанда ол өліп қалғандай күңіреніп оқымаңыздаршы құрысын.
Баяғыда, баяғыда болғанда тіптен баяғыда Түркістандағы бір түйір телеарнада жұмыс істегенмін. Телеарнада қатып қалған қағида жоқ, журналист жоқ болса операторды, оператор жоқ болса, қарауылды оператор қылып жұмсай бертін. Еске алу мен құттытауларды оқитын дикторымыз бартын. Сол кісі ауырып, бір апта жұмысқа келмей қалды бір күні .Оның жұмысын біреу істеуі керек. Маған " довай енді осы жұмысты сен істейсің" деді. Оқи алмаймын дегеніме қарап отырған басшы жоқ.
"Оқысаң оқы, оқымасаң маған поқы жұмыстан айдаймын" деген соң үнсіз келістІм.
Сөйтіп, күнделікті телеарнадан шығатын еске алулар мен құттықтауларды оқи бастадым. Записке басып отырған операторлар қолын жоғары көтеріп "керемет" деген сайын, шынымен керемет екен деп даусымды одан сайын әсерелей түсемін. Бір қызығы телеарнадан өз даусымды өзім естіп көрмеген екенмін. Бір күні редакцияға көрермендердің бірі қоңырау соқты. Салған жерден "Әлгі "Еске алуды" оқитын қызды телефонға шақырыңызшы - деген ғой. Телефонды құлаққа тақап "әлио "дей бергенім сол, әлгім ұрса жөнелді. "Айналайын-ау дұрыстап оқышы. Сен еске алу оқыған сайын "Өзімнің туысым өліп қалғандай қайғырып, жылап жіберемін"

Сын айтылды бітті. Енді бұл жұмысқа беттей алмаспын. Беттейтін бетте жоқ еді уже.
Әнгіменің тоқ етері өлең оқығанда шіли эмоцияға берілудің қажеті жоқ екен.
Қолдарыңнан келмесе мен сияқты қоя салыңдар)))

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31