Сен тұр - мен айтайын!

Әнші беделін қалай қайтарамыз, жұртым-ау?

  • Әнші беделін қалай қайтарамыз, жұртым-ау?

    Әнші беделін қалай қайтарамыз, жұртым-ау?

Қазір «біз жұлдызбыз, жәй жұлдыз емес – жарық жұлдызбыз!» деп көгілдір экраннан күндіз-түні миымызға құйып отыратын әншілеріміздің беделі түсті. Оны түсіріп жүрген сырттағы біреу емес, өздері! Тыңдағың келе ме, келмей ме, күндіз-түні сапасыз клиптерін тықпалайды да жатады; ақшаға құныққан алаяқтардың арбауына түсіп, лотереяларын ойнатып алады да, көңіліндегі «табысы» қалтасына түспеген соң, «біз алданыппыз» деп халықтан кешірім сұрай салады; арзан режиссерлердің сайқымазақ фильмдеріне түседі; журналистердің шаруасына араласып, тікелей эфирге шығады, шығып қана қоймай, жеке өміріне қатысты әдепсіз дағдыларын дүйім жұрттың алдында мақтаныш етіп айтады; «тойыма келіп бір-екі ән айтып бересіз бе?» деп қолқа салған тыңдарманынан миллиондап әнақы, өзіне және қасына еріп жүрер «нөкерлеріне» бес жұлдызды қонақ үй, ұшақтан бинес-класс орын талап етеді; ән талғамайды, селкілдек әуен болса болды, мәтініне мән бермей айта береді, керек десеңіз, шет елден ұрлап ала салады; айтатын әнін тудырған композиторы мен ақынынан жаңа туындыларының өңделуіне, эфирден таралуына, конкурсқа қатысуына беттері бүлк етпей қаламақы талап етеді, ән авторларының аты-жөндерін жазып қоюды ар санайды; азан шақырып қойған есімдерінен безіп, лақап аттарымен сахнаға шығады; бір-бірінің тойына «бәріміз біркелкі түсті көйлек киіп барайық» деп масаттана мастанады; «жаным» деп жар етіп алған қосақтарын қолғапша ауыстырады; фонограммамен ән айтып, елді адастырады; «мынау бір шалғайдағы ауыл ғой, мұнда біздің билетіміздің құнын елдің қалтасы көтере қоймас» демейді, өзінің мүддесіне ыңғайлы қымбат бағаға саттырады; әлеуметтік желілердегі парақшаларына ішкен-жегенін, кигенін, қыдырғанын салып, елдің ашу-ызасын туғызады... қысқасы, бұлардың әдепсіз әрекеттерін санамалап отыра берсең, таң атуы мүмкін.


Бір өкінетіні, «жұлдыз» әншілер аға-апа әріптестерін сыйлауды да қойды. Экранда да, өмірде де тайраңдап алдарына шығып кете береді. Экраннан қашан шығады екен деп Әлібекті, Нұрғалиды, Ескендірді, Розаны, Сембекті, Нағиманы, «Дос-Мұқасанды», «Айгүлді», Қорабайды, Рамазанды елдің зарыға күтіп жүргені қашан... Аға буын ән айтатын, бірақ лотерея ойнатпайтын; шақырсаң қонақ болып келетін, әнақы сұрамайтын; ән талғайтын, ілінгенін айта бермейтін; тікелей эфирде көкбеттеніп халқын ғайбаттамайтын, жұмсақ мінезімен елге жағатын. Халық оларды сонысымен жақсы көретін...
Бүгінгі әншінің «талғамы» – қарлығыңқы дауыс, сақау сөз, ретсіз мелизм, дауыссыз дыбысты созу, ыңқыл мен сыңқыл... Бұрынғылар әнді тек дастархан басында ғана топтасып айтатын, қазір дауыстары болмаған соң білдірмейін дей ме, әйтеуір үшеу-төртеу топтанып алып, ұлардай шулап жатқаны. Ән тыңдайсың ба, аналардың үілі мен гуілін тыңдайсың ба?


«Кеңес үкіметі тұсында әншілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, жоғары талап қойылды. Мемлекет тарапынан бақылау болды. Көркемдік кеңес жұмыс істеді. Сол кеңестен өткен әнші ғана сахнаға шығуға рұқсат алды. Ал қазір заман басқа, әркімнің еркі өзінде, – деп еске алады Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова. – Той мен концерттік бағдарламалардың әндері бөлек болуы керек. Әндерді сұрыптап отыратын көркемдік кеңес қажет. Үлкен сахнада тойда айтылатын әндердің шырқалуына қарсымын».
Мейлі ғой, ән де реттелер, көркемдік кеңес те құрылар. Бірақ мына өзіміз әбден еркелетіп, басымызға шығарып алған әнші беделін қалай қайтарар екенбіз? Сол уайым болып тұр. Бір кездері ауылға әнші келе жатыр десе, жуынып-шайынып, таранып-сыланып, құдамызды күткендей клубқа қарай асығатынбыз. Енді «қалтамыздан қағатын болды-ау» деп уайыммен пұшайман жейтін болдық.
Осы ақшасы құрғырдың тек әншілерге ғана керек бола беретіні несі екен?..

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1662    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 08:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30