Сен тұр - мен айтайын!

Әншілерден фанерасыз, жанды дауыс талап ету... Бұл орынды талап

  • Әншілерден фанерасыз, жанды дауыс талап ету... Бұл орынды талап

    Әншілерден фанерасыз, жанды дауыс талап ету... Бұл орынды талап

Кеше жұрт осында соңғы "Астарлы ақиқатты" көріп Айгүл Иманбаеваны талқылап кеткесін мен оны әдейілеп отырып қарап шыққан едім.

Меніңше жұрт Айгүлді бекер сөгіп жатқан сияқты. Өз басым ол жерден анау айтқандай көкбеттік, бетпақтық көрмедім.
Иә ол эмоциямен отырды, ашулы, ызбарлы екен. Бірақ оның да себебі түсінікті - біреу сізді дүйім жұртқа алаяқ деп жарияласа..
Сіздің тірнектеп жиған атақ абыройыңыз...

Мен мысалы бұндайда күйіп кетіп ана кісімен жағаласып кетуші едім.
Кімнің басына түссе де бұның арты шатақ болушы еді.
Ал Айгүлдікі - қазақ келіншегінің ері оған емірене қарай отырып "ии әйнәләйін", "ии жәнім қойшы енді" деп тиып тастар немесе отағасының ызғарлы бір дауысымен тоқталып қалатын долылығына көп ұқсайды.
"Ол шектен шығып бетпақтық танытты" деп айтуға келмейді. Ашуға булығып зіркілдеді десе болады.

Мен жалпы соңғы кезде біздегі өнер адамдарына деген осы агрессияны түсіне алар емеспін.
Бұл елде қазаққа мылтықтың ұңғысын тіреп қойып фанера әнін айтып тонап кеткен әнші жоқ.
Сондай - ақ ұңғы тіреп зомбылық жасап лотерея ойнатып жатқан әнші жоқ.
Меніңше бұл жерде Нұрсилаларға приоритетті дұрыс қоя білу керек сияқты.

Мен де осы қазақтың аса думаншылдығын қатты сынап келе жатқан адамдардың бірімін, тойларға қарсы қатты сөздер айтып жүрмін. Бірақ менің ойыма ешқашан бұған бола өнер адамдарын жазғыру келмепті.
Сұраныс бар жерде оны өтеу бар. Ол нарықтың заңы, осыны басқа білмесе де бизнесмен Нұрсиланың білуі керек еді.

Яғни, бұ жерде бұл кісілерге тойшыл әншілерді жазғырғаннан гөрі, жалпы тойшыл халықтың санасымен алысып, бұқарамен ағартушылық жұмыстарын жүргізген дұрыс сияқты. Әншілерді қаралай отырып аңғал халықтың дағдысынан тиям деу ақымақтық болмай ма?

Әйтпесе бүгін осы әншілермен алысып отырған халық ертең карантин біте сала сол әншілерді өз тойларына жапатармағай шақырып бәйек болады, мен соны білемін.

Ал бұл әншілерден фанерасыз, жанды дауыс талап ету.. Бұл орынды талап, мен оны қолдаймын.
Өткізіп жатқан лотереяларын заңдастыруды талап ету, оны да қолдаймын. Бұл да түзу әңгіме.
Бұлардан ондай заң бұзушылық табылса ол қылмыс, жауапқа тартылсын. Ондай факт болмаса босқа даурығып не керек?

Жалпы, бағзы заманнан әнші, жыршы, сал - серілерін сонадай жерден аттай қалап алдырып өнерін тамашалап оған атын мінгізіп, тарту таралғысын беріп, шапанын жабатын қазақ деген халық бұл жалғанда тірі болса, біздің әншілер еркелеп талтаңдап жүреді әлі.
Бұл қалмайды.
Сондықтан олармен бекер ырылдаса бермей әншілерге талап қойып, өзіміз де жинақталып бір тәртіпке келгеніміз жөн болар еді.
Сосын жалпы осы бағдарламаның бір жақты жүргізгені көрініп тұр.
Дина Төлепберген сонша шұқшиып әншілерге қадалды да қалды, тіпті бір сәттерде оларды қаралап кеткендей болды.
Құрғақ негативті қоздырды да отырды. Бұл не, бір жақты сот па?

Мен негізі басқа тақырыпқа пост жазамын ба деген едім, осындай күнделікті шулаған темалар алаңдатып бекер уақыт алып кетеді және қалыптан тайдырады.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1139    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 14:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30