Сен тұр - мен айтайын!

Әпенді әкем-ай!..

  • Құралай Сейсенбекқызы

    Құралай Сейсенбекқызы

– Әке... Қызықсыз... Үйіңіздегі он адамның біреуі ғана табыс тауып отыр. 140 мыңға қарбызды неге алдыңыз?
– Өй, жаз мезгілі ғой, сатып алатындар шығады әлі.
– Қаншадан алдыңыз?
– 25-тен.

– Қаншадан сатасыз?
– 30-дан.
– Әке, оптом тұрмақ сатылымдағы қарбыздың өзі 25-тен түсіп кетті ғой! Шыныңызды айтыңызшы, неге алдыңыз?
– Жаным ашып кетті... Жап жас жігіт екен өзі...
– Біліп едім... Өткізе алмайсыз ау...
– Сен қыз-ақ білгішсің тегі. Көресің бір аптаның ішінде зуылдап өтіп кетеді әлі-ақ.
Араға үш апта салып ауылға бардым. Көшенің арғы бетіндегі қоқыста тау болып үйілген шірік қарбыздарды көзім шалды. Мен ішке кірген соң Анам үйден дәу-дәуін кезек-кезек көтеріп, дастарханға алып келіп жатыр.
– Біреуін сойсаңызшы, – десем әкемді нұсқап, саусағын мұрнының ұшына апарды. "Тыныш" деген белгісі екенін ұға қойдым. Сойылған бес қарбыздың бірі де жеуге жарамсыз болып шықты... Әкем маған бір қарап алып:
– Балаларым қарбызға қарық болды ғой. Олар жеп үлгерді әйтеуір. Сен ғой алыстан жетем дегенше срогы өтіп кетті, – деп қояды.
Анадайда қатар тұрған алты белесебедке көзім түсті. Әкем:
– Е, бірде бар, бірде жоқ болып жүрсек те балаларымнан аяғанымды ит жесін, – деді.
– Екеуі кішкентай емес пе әлі ?, – деппін әлі педаль басып, рульге отыра алмайтын екеуді ойға алып. Әкем:
– Өседі ғой!, – дегенде күліп жібердім.
Бірер күн бұрын хабарласып базарда күтіп тұрғанын айтты. Аман саулық, аз-кем әңгімеден соң:
– Телефоныңды бере тұршы, – деді. Бердім. Көліктің ішінде отырғанбыз. Теріс қарап сәл отырды да ұялымды қайтарды. Бірақ бергені менікі емес. Менің ұялымнан екі есе қымбат, әрі әдемі телефонды көріп түсінбей отырсам:
– Сенің соткаңа сондай қызыққан едім. Енді сенікінен екі есе «новороченныйын» алдым , – дегені.
Мен үнсіз отырып барып:
– Құтты болсын, қашан алдыңыз?
– Кредитке мамаң әперді...
Менің іштей тым қымбатқа алынған сотканы ұнатпай қалғанымды ұғып қалса керек
– Е,е қызым... Өмірімде бірінші рет сыйлық алып тұрмын. Алпысқа жылда толмаймын ғой, – деді. Мен ұялып қалдым...
Құралай Сейсенбекқызы
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1787    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.10.2014, 09:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31