Әр балаға кемінде 16 жасқа толғанға дейін тым болмаса айына 10-15 мыңнан беру керек

23 қараша 2021, 11:57

Әр балаға кемінде 16 жасқа толғанға дейін тым болмаса айына 10-15 мыңнан беру керек. Мемлекеттік жағдайы жетеді бұған. Аданың әлеуметтік статусына қарамай міндетті төлем төленуі керек. Ал, баласаны өскен сайын төлемді де көбейткен дұрыс. Алматыдағы оқиға өрттеніп кеткен бес қыздың оқиғасынан да қайғылы жайт түсіне білсек.
Оо әйелді біреуміз мүсіркегенімізбен, екіншіміз бәткардалағанымызбен өткен іс өтті. Кеткен жан кетті. Ешқайсысы қайтып келмейді. Түбіне үңілуіміз керек.
Жалпы, біздер, мына еркектер кінәліміз мұндайда. Бала ептеп ауытқумен туса ауыртпалығынан қашамыз немесе қатынымыз ұл тумаса тастап кетеміз...
Қатынға 3-4 бала туғызып, үйде баламен отырған келіншегіміздің көңілін аулауды ұмытамыз. Оның төсектен басқа да қажеттілігі барын ескермейміз... Бақпаса мал, қарамаса қатын кетеді...
Мұндай оқиғаларға мына біздің әке буын және біздің буын тікелей кінәлі. Есі дұрыс мемлекет қалыптастыра алмаған, адам құқығын аяққа таптамайтын билік, қоғам қалыптастыра алмаған өзіміз ғой...
Мұндай қысқа-қысқа сигналдар болған, бола бермек... Оны тоқтату үшін ести отырып жедел шаралар қолданған жөн.
Өлім туралы, өлу туралы жиі ойлаған кезім болған. Назгүл Қожабек айтпақшы өз шашыңнан өзің ұстап алып шықпасаң қиын мұндайда. Шаш неге түсті дейсіздер...
Бөрі аштығын білдірместің кебі...

Фейсбуктегі парақшасынан