Сен тұр - мен айтайын!

Арақ пен вирустың айырмасын қойдан сұраңыз!

  • Арақ пен вирустың айырмасын қойдан сұраңыз!

    Арақ пен вирустың айырмасын қойдан сұраңыз!

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары пластик бөтелкеге құйылған қытай арағының заманы туған. Сол сасық арақ айырбас валютасының ролін атқарып кете жаздады. Араққа сусаған көпшілік қолда барды сол шөлмектің санымен өлшеді. Тіпті бір қойды бір шөлмек араққа айырбастады-ау! Құны кеткен қайран Шопан ата! Төрт түлік пірінің бірінен айырылып қалуға аз қалдық. Бірнеше рет сүзгіден өтпеген спирттің пластикпен реакцияға түсіп, улы сусынға айналатынына да қарамады ғой, шіркіндер! Пандемияға еш қатысы жоқ болса да қанша азамат сол пластик шөлмектегі у арақтың құрбаны болды. Ол құрбандарды санын да ешкім білмейді. Бірақ, аз емес. Енді, міне, пандемиямен жарысып пластик құтыға, "бакалажкаға" құйылған арақ тағы пайда болыпты. Анау-сынау емес, 5 литрден. Бұл алдыңғысынан да арзан ба дерсің?! 3000 мен 7000 теңге аралығында сатылады дейді. Есептейік: қазір ауылда бір қойдың бағасы 40-50 мың теңгенің маңайында. Орташа есеппен бір қойға 7 пластик арақ алуға болады. 5 литрлік 1 пластигіңіз 10 бөтелке арақ. 7 пластигіңіз 70 шөлмек. 70 бөтелке! Арзан. Дүкендегі 3 бөтелкенің орына 10 шөлмек арақ аласыз. Мәселе оның бағасында да емес, Мәселе: 70 бөтелке арақ бір ауылдағы қанша адамды улайтындығында. 5 литр пластик құтыдағы арағыңыз 5 литр вирусқа айналып кетуі оп-оңай нәрсе екен. Сөйтіп, Ковидке көк ит қосылып, пандемия - тандемияға айналып кетпесе деңіз?! Олай деуге себеп те жоқ емес, қазір енді пандемия құрбандарының қатарына пластик ыдыстағы арақтан уланып өлгендердің саны қосылды. Тіпті, бірден көбейіп барады. Бұның бәріне себеп: арақ ковид вирусын өлтіреді екен деген жалған ақпарат. Онсыз да Азияда арақ ішуден алдына жан салмай тұрған қазаққа бұл кәдімгідей жақсы сылтау, желпілдеген желеу. Оның үстіне күндіз-түні қолтығыңа қыстырып жүруге тиіс антисептигіңіз де сол - спирт. Сондықтан да қазір қай жақтан қанша спирт әкелемін десеңіз жол ашық тәрізді. Мынадай уақытта антисептик әкелгенге жанынан безген біреу болмаса кім қарсы тұрады?! Тәж-тажалдың диагнозын дәл табудың жолын таппай жүргенде, антисептик пен улы арақты шатастырсақ, сұмдықтың көкесі сол болатын шығар? Онда 5 литрлік пластиктегі арағыңыз шын мәнінде 5 литр вирусқа айналатыны анық! Оның айырмасын қазір кімнен сұраймыз? Қойдан басқа. Қойдан басқа ешкім нақты жауап бере алмайды. Солай ол.

 

Serik Zhanbolat
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 20:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30