Сен тұр - мен айтайын!

Арамызда қасиетсіздер қаптап жүр..

  • Арамызда қасиетсіздер қаптап жүр..

    Арамызда қасиетсіздер қаптап жүр..

Жаңа ғана бір сұмдық видео көрдім.
Қазақстанда 12 жыл құлдықта болған қырғыз әйелі еліне қайтарылды.
12-жыл бойы оны күйеуі, үш баласы іздеген екен...
Жоқ, ойламаңдар ішкіш, жүргіш әйел емес. Жәй қарапайым ауылдың әйелі. Бала-шағасын асырау үшін Қазақстанда жұмыс істепті. Құжаттарын ұрлатып алыпты. Содан аңғал, жуас әйелді қазақтың оңбағандары құлдықта ұстап, қолдан қолға құлдыққа сатып отырыпты. Байғұс әйел қанша рет қашуға әрекеттенген , алайда қуып ұстап, ұрып-соққан...
"ҚАЗАҚПЫЗ ! КЕҢ ЕЛМІЗ, мейірімдіміз, қонақжаймыз, данамыз, жетім-жесірге қамқормыз!"- деп қазақтар масаттанбаңдар!
Арамызда қасиетсіздер көп...
Осы байғұс әйелді құл еткендер, сендерді құдай жазаласын!
Осы әйелдің жылап- зарлап жүргенін көргендер... Сендер де қаскөйсіңдер!Сендердің жүректерің тастай қатсын!
Видеодан көрдім.
Байғұс әйел жігіт болған баласын көргенде қалай шырылдады...
Видеоны сала алмадым . Блок қойылған екен.
Расын айтсам , осы қылмысқа милиция-полиция да қатысты сияқты.
Өйткені олардың білмеуі-көрмеуі мүмкін емес.
Айтыңдаршы!
Қырғыз-қазақ көрші, туыс емес пе едік...
Сендердің - Ананы -ардақтаймыз ! Әйелді жылатпаймыз! - дегендерің де өтірік ...
Қазақта "қасиетсіз"- деген ұғым бар еді.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1530    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31