Сен тұр - мен айтайын!

Әрбір қытай азаматы тыңшы бола алады...

  • Әрбір қытай азаматы тыңшы бола алады...

    Әрбір қытай азаматы тыңшы бола алады...

Елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы қызмет пен қылмыстық топтардың ынтымақтаса бірлесіп жұмыс істейтін үрдіс әлемдік тәжіртибеде бар. Айталық, Ю.А. Андропов Совет одағын басқарып тұрған тұста қылмыс әлемінің заңдастырылған ұры-қарыларына рақымшылық жасағанын білесіздер. Олар босаған соң пайда болған қылмыстық топтарды арнайы бақылауда ұстаған көрінеді. Сол тұста Ресей абақтыларында болған 3-4 миллион жаза өтеушілердің басты авторитеттерін босатып кейін оларды жекешелендіру ісіне жұмылдырады. Нәтижесінде, жекешеленген қоғамдық мүлік шетелдіктерге емес, ресейліктердің өз қолында қалған. Кейін В.В.Путин билікке келген соң олардың арасында қайшылық пайда болып, олигархтардың бір тобы түрмеге түссе, кейбірі шетелге қашты.

Ресейлік қару-жарақ саудасының көрігін қыздырушы Виктор Бут дегенді АҚШ барлау қызметі қалай пайдаланғанын Николас Кэйж бас рөлде ойнаған «Соғыс құдайы» көркем фильм айғақтап берген жоқ па?

Жарайды, оны қоя тұрып Қытайға келейікші. ҚХР 1980-жылдардан кейін барлау және қарсы барлау қызметінің құрылымын барынша жақсартқанын, айналасы 10 -15 жылдың ішінде әлемді шиырлаған аса қуатты өндірістік және саяси барлау жүйесін қалыптастырғанын дүниежүзі баспасөзі жазып-ақ келеді. “Әрбір қытай азаматы тыңшы бола алады және міндетті» деген ұранмен шартарапқа шашылған эмигрант (хуачиау) топтарын өздерінің барлау ісіне жұмылдыратыны құпия болудан әлдеқашан қалды. Қытай қауіпсіздік қызметіне қарайтын арнайы барлау институты 1983 жылы құрылып, жүздеген түлектерін шығарған. 1989 жылы Тяньмэн алаңында митинг өткізген жастарды қанға бөктіруге аталмыш оқу орнының түлектері белсенділік танытқан. Аталмыш елдің мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - Гоаньбуда 300 мыңнан астам қызметкер жоғары жалақымен қызмет етеді және АҚШ, Жапония мен Еуропа елдерінен алынған қазіргі заманның озық техникасымен, технологиясын игерген деген деректі Олег Глазунов “Китайская разведка” деген кітабында атап көрсетеді.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1829    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 11:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31