Сен тұр - мен айтайын!

Ардагерлердің атын жамылып істеп жатқан мұндай дүрмектің бес тиынға да керегі жоқ

  • Ардагерлердің атын жамылып істеп жатқан мұндай дүрмектің бес тиынға да керегі жоқ

    Ардагерлердің атын жамылып істеп жатқан мұндай дүрмектің бес тиынға да керегі жоқ

Былтыр Алматыда «Бессмертный полктың» маршы болып өтті. Қызыл жалауды желбіретіп, Ресейдің туы мен НОД деп аталатын ресейлік националистік ұйымның туын ұстағандар көшеге толып кетті. Ресейдің өзінде қазір осы шеруге қоғам болып қарсылық білдіріп жатыр. Көшеге көтеріп шыққан ардагерлердің портреттерін олар парад біткен соң қоқыс жәшігіне толтырып тастайды екен. «Бессмертный полкты» кезінде Томскіде тұратын екі журналист жігіт ойлап тапқан. Сол кезде қалада бірден алты мың адам көшеге плакат көтеріп шығыпты. Кремльдің агенттері кейін екеуінен осы идеяны тартып алып, бұны өздерінің жымысқы жоспарын жүзеге асыратын саяси жобаға айналдырды. Қазақстанда қазір соғысқа қатысқан 2 мыңдай ардагер ғана қалған шығар. Оларға ардагерлердің атын жамылып істеп жатқан мұндай дүрмектің бес тиынға да керегі жоқ. Ардагерлерге көмектескіміз келсе жеке-жеке, үйіне барып көмектесуіміз керек. Жалпы, бұл күнді «Ұлы Отан соғысы» деп әспеттеуді қойып, соғыста құрбан болғандарға құран бағыштап, көзі тірі ардагерлерге көмек көрсететін күн ретінде өзімізше атап өткеніміз дұрыс секілді. Әйтпесе, 9 мамыр жақындағанда көшеге шығудан қаласың. Сәвет Одағы келмеске кеткенімен, оны атрибуттарын көз алдыңда көлбеңдеп жүргені жаман көрінеді екен. Оның үстіне бұл Қазақстандікі де емес, Кремльдің жобасы. «Бессмертный полкты» да, «Ұлы Отан соғысы» деп аталатын 9 мамыр мерекесін де өзін Сәвет одағының бірден-бір мұрагері санайтын Ресей империясы қазір бізге күштеп танып отыр. Өзбектер бұл маршқа тыйым салыпты. 9 мамыр күні олар құрбан болғандарға құран оқып, марқұмдарды жəй ғана еске алады екен. Орыстың қан сасыған қаңсық идеологиясының жетегінде жүре бермей, бізге де сөйту керек!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1362    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31