Әркім өзінен бастау керек, біреуге кінә артпай...

Әркім өзінен бастау керек, біреуге кінә артпай...

Адам басқа тілді не үшін үйренеді??? Өзге тілді үйрену үшін белгілі бір мотивация керек. Ол мотивация қайдан шығады?​ Егерде​ адамның қазір өзі білетін тілінде сөйлеген кезде, оны өзгелер түсінбейтін болса, басқалар сөйлеп жүрген тілді үйренуге деген мәжбүрлік туындайды. Мысалы үшін сіз тек қана өз тіліңізде сөйлеп,​ басқа ұлт өкілдеріне өзіңізді таныту, ойыңызды жеткізу үшін бірінші кезекте көпшілік тілін, қазіргі таңда орыс тілін үйрене бастайсыз. Себебі ол сізге қажет. Мысалы неге біз ағылшын тілін үйренгіміз келеді, қосымша, қытай тілін үйренсек дейміз? Себебі, сол тілде сөйлейтін адамдарға өзіміздің ішкі жан-дүниемізді, ойымызды ашық жеткізгіміз келеді. Бұл бірден-бір келетін мотивация. Ал енді қараңыз, қазіргі таңда біз өз елімізде ана тіліміздің дұрыс деңгейге көтерілмей тұрғанына ренжиміз, ал орыс тілінде сөйлеген адамдарға олардың тілін түсініп жауап береміз. Ал егерде біз олардың айтқанын түсінбегенде ше, олар бізге өз ойын жеткізу үшін қазақ тілінде амалсыз сөйлейтін еді, бұл оларға қосымша мотивация да болар еді. Кейбір сәттерде қысастықпен емес, мәдени түрде жан-жағыңыздағы адамдарды, кемінде әрбір адам бір-екі ​ адамды қолға алатын болса, «қазақша айтшы, түсінбедім», деп келтіретін болсақ, жағдай оңалар ма еді?! Тағы да бір мәселе, бала-шағамыз ютубтың, әлеуметтік желінің жетегінде жүр, орыс тіліндегі контент олардың санасын билеп алған. ​ Көшеге шыға қалса, орысша шүлдірлейді.​ Өскелең ұрпақ қазақ тіліне шорқақ, екі сөздің басын құрай алмайтын халге жетті. Кім кінәлі? Әрине, ата-ана. Балаңыздың орысша сөйлеп тұрғанын көрсеңіз, (егерде оның қазақ тілі нашар болатын болса) онда оның қазақшасын жақсарту үшін орысша сөйлегенін әдейі түсінбеңіз. Сонда ол балада сізге өз ойын жеткізу үшін өз ана тілін үйренгісі келген мотивация пайда болады. Әйтпесе қайдан?! Ал егер қазақ тіліне жетік болса, онда ​ өзге тілдерді, ағылшын, орыс, қытай тілін қосымша оқыта беріңіз. Осы сәтте менің айтарым, ​ әркім өзінен бастау керек, біреуге кінә артпай. Әркім өз айналасынан, бала-шағасынан, жан-жағымыздан ​ бастап, тілімізді жақсартуға үлес қоссақ, сол кезде олқылықтың орны толар еді деген ойлар...
Сіз қалай ойлайсыз? Қашанғы бұл затты басқаның міндетіне артып жүреміз?

Dulat Tastekey

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста