Арнайы құрылғы арқылы көшеде жүрген жерінен ұстап алып, жазаны күшейту керек!

11 наурыз 2021, 10:57

Құдай сақтасын! Жаман айтпай жақсы жоқ дейді халқымыз... Мас күйінде көлік жүргізген адам Сізге жақын адамды не өзімізді қағып кетсе қандай күйде болатынымызды...
Жүргізуші куəлігі жоқ бірақ көлік жүргізіп жүрген талай жігіттерді көрдім. Иə оның біреуі жолдас жігіт, ағайын тума баласы, таныстар дегендей. Бірақ көліктегі мас адам ол қылмыскер!
Полиция ұстаған екен, куəлігін жеті жылға тартып алған екен дұрыс! Бірақ бұл ол адамның екінші қайтара көлік жүргізбейді деген кепілдік емес. Куəлігі жоқ болса да үйреніп қалған адам көлігі тұрған соң бəрібір қайта отырады рөлге. Ұсталса айыппұл төлеп жазадан құтылады.
Ұсталған көлікке gps секілді құрылғы орнату керек. Егер куəлігі жоқ адам екінші рет рөлге отырса арнайы құрылғы арқылы оның көшеде жүрген жерінен ұстап алып, жазаны күшейту керек!
Жол қауіпсіздігін цифрландырудың бір жолы осындай болар бəлкім...

Amandyq Esqali

Фейсбуктегі парақшасынан