Артық шақасын қалтасына аялай салып, мектебіне қарай кетіп барады. Қу жетіспеушілік.

23 қазан 2019, 13:31

Баратының бір аялдама болған соң, күнде көретін адамдармен көзтаныс боп қалады екенсің. Күнде мен көлігімнен түскенде басқа көліктен баласын жетелей қапталдаса түсетін бір кісі бар. Мұғалім екенін бүгін білдім. Баласы"папа, менің мектебіме барасыз ба?"- дегенде өз мектебіне баратынын айтты. Баласы ақша сұрады. Әкесі кіл майда шақаларды санап берді. Баласы жиырма теңге қосуын өтініп еді, әкесі:"Өй, екі жүз бердім ғой. Осы аптада жиырма теңгеге өсіріп жібердің ғой?"- деп еді баласы,- Папа, жиырма теңге қоспасаңыз кеше тоймай қалдым. Пирожки мен кофенің бағасы өсті, жетпей қалады?- деп жыламсырады. Әкесі өкінішпен жиырма теңге қосты. Өзі артық шақасын қалтасына аялай салып, мектебіне қарай кетіп барады. Қу жетіспеушілік.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан