Сен тұр - мен айтайын!

"Асханада да былш-былш, басқа жерде де былш-былш"

  • "Асханада да былш-былш, басқа жерде де былш-былш"

Жұмысшылармен жұмыс істеймін. Күнде таңертең жұмыс алдындағы медициналық тексеру. Олардың бір оңбағандығы бар мен ұнатпайтын. Тура медпунктке келгенде дауыс шығарып есінейді. Һааа-а-а!

Таңертең жуынбай келетіндерді былай қойғанда, қолымен былш-былш амандасатындары түк ұнамайды бар ғой. Орыстарға дейін үйретіп тастаған ғой. "Саламалейкум" деп қолын созып тұрғаны. Асханада да былш-былш, басқа жерде де былш-былш. Қай қазақты көрдіңдер түшкіргенде қарына, не киіммен аузын бүркеп жатқан? Жөтелсе де, есінесе де аузын алақанымен жабады.
Жапондар сияқты бас изеп қана өтетін күн болар ма екен дейсің осындайда.
Ауылда Серік деген нағашымыз болатын. Қатты оқып кеткеннен бе, басқадан ба шамалы "ұшатыны" бар еді. Дүкенге өзі барып қайтады. Үйінде де шәйді өзі қойып ішеді, жеке шәйнегі бар деп еститінбіз. Қатты тазайым. Ойнап жүргенде көріп қалсақ "Ассалаумағалейкүм" деп жүгіріп келсек, "Тарт е қолыңды, тарт! Өй, самопалдар!" дейтін. Солай кетті.

Білем, қазаққа аурудан көңіл қымбат. Дегенмен де бүкіл әлемде пандемия боп жатқанда ең болмаса қолымызды жиі жуып жүрейік және амандаспаңдар менімен! 




Көрілген: 2565    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31