Сен тұр - мен айтайын!

"Аштық жылдары адамдар баласының етін жепті" дегенді естісем де, сенбеп едім, енді сендім

  • "Аштық жылдары адамдар баласының етін жепті" дегенді естісем де, сенбеп едім, енді сендім

 Қытайда қалған студенттің анасының балаларды елге әкелу туралы өтініші хабарланған материалдың астына өзіміздің қазақтар жазған комментарийлерді оқып, жағамды ұстадым.
"Елге әкелмесін, не көрсе де сонда көрсін", "Туған-туыстарымен бақұлдасып қойсын", "Енді солар үшін 18 млн. халық қырыламыз ба?", "Олар елге келіп ауру тарататын болса, мына медицинамызбен күніміз қараң", "Қытайға оқуға кетіп несі бар еді?", "Қытайға кетті ме, Қытайда қалсын енді"...

Скриншоттап та алдым, бірақ, жариялауды жөн көрмедім.

Не деген өзімшіл еді бұ халық?

Онда қалған балалар да өз қазағыңның перзенттері емес пе?
Арасында бірді-екілі қарсы пікір айтқандар бар, негізінен бірауыздан сол өрімдей жастардың Қытайда қалып өлгенін мақұл көріп отырған жұрт...

Қоғам жауыз десе, сенбес ем, мына пікірлерді өз көзіммен оқыдым.
Қолынан ештеңе келмесе де, жай ғана тілекші болу деген де адыра қалып бара ма?

Әр нәрсеге бір пейілдеріңді тарылта бермеңдер, қазақтар.
Вирус жетемін десе, сол өрімдей қазақ жастары арқылы емес, базарыңда қаптаған Қытай тауарлары мен Алматыңда адым жерде кездесетін Қытай азаматтары арқылы да жұғады. Әлде шекараны аз күн жапты екен деп шынымен Қытаймен қарым-қатынасты үземіз деп ойлайсыздар ма?

Алла басқа салмасын, ауру жетпей жатып осындай пиғылдағы халық, бір күндері басына нәубет туса қайтер екен деп ойлаймын.

"Аштық жылдары адамдар баласының етін жепті" дегенді естісем де, сенбеп едім, бастарына нәубет тумай жатып, өз елінің перзенттерінен бас тартып, өлімге қиып отқан жұртты көріп, бұған да сендім.

Пиғылдарыңыз, жағдайларыңыз белгілі болды. Қытайды табалауға дым да қақыларыңыз жоқ екен!

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 5238    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.01.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31