Сен тұр - мен айтайын!

Асқазан неге күллі қалаулардың анасы?

  • Асқазан неге күллі қалаулардың анасы?

    Асқазан неге күллі қалаулардың анасы?

Жылда «Биыл өз-өзімді қолға алып, Рамазанды жақсылап тұрып өткізейінші» деп, Рамазан біткен соң өз-өзіңе көңілің толмай, алдын-ала құрып алған жоспарың жүзеге аспай, салың суға кетіп, өкініште қалатын сезім сіздерде де бола ма?
Біле-білсеңіз, бұл сезімдердің барлығы асқазанға ие бола алмай қалғаннан туындайды. Күні бойы аш жүргенімізді қайтейік, арасы бір-біріне жақын ауызашар мен сәресінде күні бойы жемеген тамақтың нормасынан екі есе асыра асап аламыз да, ұйқы басқаннан, құлшылыққа құлқың соқпай, мінәжатыңнан да ләззат қашады.
Негізінен, оразаның хикметі – күллі нәпсілік қалаулардың ошағы болған асқазанымызды астан босатып, құлшылық-ғибадаттың ләззатын сезініп, аштықта жасырынған хикмет қазынасын тауып, тәубеменен жүрегіміздегі күнәнің кірін жуып, иман нұрымызды бір жарқыратып алу емес пе еді?
Имам Ғазали: «Асқазан – нәпсілік қалаулардың қайнар көзі. Асқазанның қалауы – адамдағы қалаулардың ең қуаттысы. Өйткені, Хазіреті Адам да осы қалаудың себебінен тыйым салынған ағаштың жемісінен дәм татып, жәннаттан шығарылған», – дейді.
Демек, адам бойындағы барлық нәпсілік қалауларды түртпектейтін – осы асқазан екен.
Ол қалай десеңіз, Имам Ғазали былай дейді:
«Асқазан асқа толғанда адамдағы шәһуат сезімдері әрекетке көшіп, үйленуге деген қалау пайда болады.
Үйлену үшін де мал-мүлік пен ақша қажет. Үйленгісі келетін жан дүние мен ақша жинауға кіріседі. Осылайша адамда дүниеге деген құмарлық арта түседі.
Мал-мүлік иесі болу үшін де бір қызмет пен мансапқа ие болуы керек. Адамның атаққұмарлығы мен мансапқұрмалығы осыдан басталады.
Адам мансапқа қол жеткізген соң, енді сол мансабын қорғау үшін өзгелермен бәсекелесіп, тайталасқа түседі. Бұның нәтижесінде адамда қызғаншақтық, қыңырлық, қасарысушылық, дұшпандық, қастық және көзбояшылық пен рияқорлық секілді мінездер пайда болады.
Ендеше, асқазанды қажеттен тыс асқа толтыру мен харам ас жеу – барлық күнәның басы.
Ал оны бақылауда ұстап, аз әрі адал ас жеу болса, барлық жақсылықтың көзі».
Рамазан алдындағы Имам Ғазалиден «тұздық» осы болсын.

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1196    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 09:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30