Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Асқазандарынан асқазан қалмайтын болды.

23 желтоқсан 2021, 13:49

Атасына нәлет, анау кішкентай мотоциклмен, велосипедпен тасып әкеп беретін тамақтардың дымға керегі жоқ! Чын айтам. Біріншіден, жол-көлік қозғалысына кедергі жасайды. Кейде қай жағыңнан шыға келгенін байқамай қаласын бар ғой. Сайтанның сапалағындай боп шыға келеді адамның есін шығарып. Екіншіден, сол тамақтардың дым құнарлылығы жоғын былай қойғанда жастардың денсаулығына зиянын тигізіп жатыр. Асқазандарынан асқазан қалмайтын болды. Қайнап піспеген тамақ қай бір жетіскен тамақ дейсің?! (дейді менің өз ойым))) Үшіншіден, ол тамақтарды полиэтилен пакеттермен орайды. Ыдысқа салатын болса, ол ыдыстар да пластик шетінен. Қасық, пышақ, шынышқылары боса да. Өзіңіз ойлап көріңізші, қаншама пайдасыз отход шығып жатыр? Табиғатқа қыруар зиян келтіріп жатыр ғой. Полиэтилен пакеттерден құтылымыз деп айтқалы қашан?! Енді мынау қосылды. Бұл одан да жаман ғой. Осы тамақ мәселесімен айналысатын баяғы общепит деген жоқ иә қазір? Жұрттың бәрі ойына келгенін істейтін болды ғой. Әйтпесе, кәдімгі дені дұрыс асханада, дені дұрыс тамақ ішу керек қой. Дәу кісілердің бұндай кәкір-шүкір мәселелерді ойлануға уақыттары жоқ шығар иә?

facebook.com парақшасынан