Сен тұр - мен айтайын!

Астанадан келген шенеуніктер қазақ тілшісінен теріс айналғанын талай мәрте көрдім

  • Астанадан келген шенеуніктер қазақ тілшісінен теріс айналғанын талай мәрте көрдім

    Астанадан келген шенеуніктер қазақ тілшісінен теріс айналғанын талай мәрте көрдім

Менің орысшама миығынан күлетіндер бар. Қазақша сөйлей алмайтынында шаруасы жоқ. Журналистер арасында қазақ тілінде сауатты жаза алмайтындар бар. Өзімізге обал жоқ. Өзге тілдің абыройын жанталаса қорғаймыз. Акцентпен сөйлесе, тіл грамматикасын сәл бұзса, езуімізге күлкі үйіріледі. Түзеуге тырысамыз. Қателігін баттитып көрсетеміз.

Орыстарға ризамын. Оларға тіл қатсаң, бар орысшаңды төгіп-төгіп жіберсең, міз бақпайды. Бір ауыз сөзіңнен ойыңды түсініп, іліп әкетеді. Күлмейді. Қорламайды. Қазақ жерінде тұрса да, билеп-төстеп қалған ұлт ретінде орыстар емін-еркін сөйлейді. Мысы басады. Санасы отар халық дүкенге барса бүгежектейді, ауыл балалары аялдама атын сұрауға қысылып-қымтырылады, ұялады. Олармен бірге орысша ойлайтындардан қорқамын. Шенеунігінің түкірігі жерге түспейді. Кеудесі жер тіреп тұрады. Астанадан келгендер қазақ тілшісінен теріс айналғанын талай мәрте көрдім.

Қазақшасы шала қандас шенеуніктер ана тілінде сөйлегісі келеді. Бірақ ұялады. Олар үшін комплекс. Себебі біз күлеміз. Сөгеміз. Сондықтан мәселенің мәнісін екі жақтан сараптаған абзал.

Аралас мектептерде қазақ тілі өз дәрежесінде мүлдем оқытылып жатқан жоқ. Олардан білімді ұрпақ шығуы мүмкін. Бірақ шетелге ұмтылғысы, шетелдік болғысы келіп тұрады. Сәті түссе, қыр асып кетуге дайын. Қазақ ортасына оралғысы келмейді.

Тіл мәселесі - санадағы сызық. Тіл алуандығы - бірнеше бөлек әлем шекарасы. Сондықтан тұтаспайды. Мақсаты, дәстүрі, ойлау жүйесі екі түрлі. Алуан түрлі болудан қорықпауымыз қажет. Бірақ түп негізі ұлттық болмыстан нәр алмаса, бәрі бекер. Қазақ елінде тұрып жатқанымен, бәрінен жат ғұмыр кешетіндердің көбейіп жатқаны сондықтан. Мүлдем бөлек сана. Бөлек ұғым. Бөлек таным. Қазақты "мәмбет" деп танудан аспайтын өркөкіректік.

Нұртай Текебаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 747    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30