Сен тұр - мен айтайын!

Астанадан шыққан асфальттің қаражаты Ауылға жеткенде неге қара жолға айналып кетеді?

  • Астанадан шыққан асфальттің қаражаты Ауылға жеткенде неге қара жолға айналып кетеді?

    Астанадан шыққан асфальттің қаражаты Ауылға жеткенде неге қара жолға айналып кетеді?

ЕШКІ МЕН МАНДАРИН


Кеше ауданымның әкімін көрдім. "Қызанның жолын биыл аяқтаймыз, Алмас. Қаражаты бюджетке кіргізілді, бұйырса, ауылыңа асфальтпен барасың" деді Тәкең.
Қуандым.
Сонымен, Қызанда мектеп, дәрігерлік амбулатория, су, спорт кешені, мәдениет сарайы, жол, ауыл ішілік асфальт, көгілдір отын, мобильді байланыс, интернет... Әдемі өмір сүру үшін керектің бәрі бар!
Бірақ, Қазақстанда Қызанда бардың жартысы да жоқ ауылдар бар...
Қызанның адамдары Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда немесе Павлодар облысында әлі күнге қи, ағаш, көмір жағып отырған ауылдар бар десе сенбеуі мүмкін.
Шынымен, неге осылай? Астанадан шыққан асфальттің қаражаты Ауылға жеткенде неге шаңытып жатқан қара жолға айналып кетеді?
Тәуелсіздіктің отызыншы жылына жеттік. Ауылдарды артқа тастап, Астана тым алға кетіп қалды. Құдай берген дәулетті ұқсата білгенде екі тізгінді де тең ұстап, ауыл мен қаланы қатар дамытуға болушы еді...
Мәжіліс сайлауы келе жатыр. Партиялар қызу дайындалып, бағдарламалар ұсынып, уәделер беріліп жатыр.
Додаға араласқандар ішінде ауылдың жағдайын жете түсінетін бір партия барын білемін. Қайсысы екенін Сіздер де сезетін боларсыздар

Алмас Алтай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 854    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31