Сен тұр - мен айтайын!

Ата-анасын баға алмаған ұл еліне де жақсылық жасай алмайды!

  • Ата-анасын баға алмаған ұл еліне де жақсылық жасай алмайды!

    Ата-анасын баға алмаған ұл еліне де жақсылық жасай алмайды!

Айгүл Қоқай
22 ч. ·
Ұлдар мен қыздар.
Түркияда біраз қазақтармен, қырғыздармен әр түрлі жолдарымен араластым. Бірімен жағажайда танысасың, бірімен дүкендерде, тағы біреулермен жерлестер тобы арқылы.
Бір күні кұрбан айтта қайырымдылық тегін асқа шақырды. Оған қалай барасың? Тегін асқа мұқтаж емеспін, бармайын деп шештім. Сосын ой келді - Түркияда тұрған қазақтар аш емес, тегін асқа мұқтаж емес, мүмкін олар қайырымдылық жинау үшін шақырған шығар? Батыс елдерде солай істейді ғой. Сол ойдан кейін бардым. Ас бергендерге үлесімді қостым, сатқан заттарынан сатып алдым. Біраз қазақтармен таныстым.
Сонда танысқан қазақтарым көбіне 35-40-45 жастағы әйелдер. Олардың көбісі қазақ ерлерінен, немесе масыл баурларынан қашқандар. Олардың көбінде әкелері жоқ, аналары қарт. Қарт аналары ұлдарынан қайырым таппай, әлі де қыздары арқылы ұлдарына жағдай жасағысы келеді екен. Содан қыздарының жеке өмірлері бұзылып, жастары асып, қалған өмірінде жалғыз қалмас үшін шекара асып қашып кетеді екен.
Содан маған сұрақ қояды?
- Анам елге қайт дейді. Мен қайтсам анамды бағып, оған жағдай жасауым керек. Мен әлі тұрмыс құрған жоқпын. (Немесе, анамның жолымен жүргім келмейді, әлі жаспын, тұрмыс құрғым келеді. Балам өсіп кеткен де жалғыз қаламын ба?) Ұлы бар ғой! Неге ұлы оған жағдай жасамайды? Өзіне де, ұлына да біраз өмірімді жұмсадым. Бауырым ешкімді аямайды, мені де, анамды да аямайды. Әлі де анасы оған барлығын алдына әкеліп береді деп отыр. Анамның алақанына мен әкелуім керек екен. Ал мен жеке өмірімді, менің бағымды солар үшін құрбан етуім керек екен. Жанымды айырып, жаралайды. Мен де бақытты болғым келеді ғой! Не істеуім керек?
- Ата ана бала үшін өмір сүреді. Бала бақытты болса ата ана бақытты. Анаң үшін бақытты бол! Бақытыңды тап! Тек сосын ғана кері қарап анаға болсың, еліңе болсын қайырымдылық жаса. Сенің құрбандығың ешкімді бақытты қылмайды! Қарама артқа! Бақытты бол!
Ия, мен аналардың қыздарына жабысып, қайырымдылықты іздеуден арылтқым келеді. Ата аналарды тек ұлдары бағу керек! Ата анасын баға алмаған ұл еліне де жақсылық жасай алмайды! Ондай ұл өспейді. Ондай ұлдан ұлт тарамайды!
Ұлды дұрыс тәрбиелеу - ұлттың болашағын қамту. Ұлдарымыз ұлы болсын! Ол үшін ұлдарға сенім артып, міндеттерін арқалатып тәрбиелеу керек!

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 3725    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 22:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30