Біздің ата-аналарымыздың жаман-жақсы, әйтеуір бір үйлері бар. Ауылда болсын, қалада болсын. Сол өсіп-өнген қара шаңырақ дегендей.
 
Біздің буын өкілдері өмірінің соңында 85-90%  үй мәселесін шешер. Арамызда бірең-сараңдар ғана өмір бойы пәтер жалдап өтер.
 
Ал біздің балаларымыздың буыны, яғни 2000 жылдан кейін дүниеге келгендердің көбісі үйсіз болатын сияқты. Себебі олардың өздері ғана емес, оларды ата-анасында үй болмаған ұрпақ келе жатыр. Ойласаң - сұмдық.
 
Жалпы менің байқағаным, өз үйі болмаған адамның табиғатында бір суықтық байқалады. Ол суықтық баспана мәселесі шешілгенде ғана адамның санасы мен мінезінен кетеді.
 
 
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан