Сен тұр - мен айтайын!

Ата қазақты Бала қазаққа жау ғып көрсеткеннен ешкімнің ұтпасы хақ

  • Ата қазақты Бала қазаққа жау ғып көрсеткеннен ешкімнің ұтпасы хақ

    Ата қазақты Бала қазаққа жау ғып көрсеткеннен ешкімнің ұтпасы хақ

Қазақтың белгілі қаламгері Исраил Сапарбай Димаштың елордада өткен концерті туралы пікір білдіріп, аталық ақылын айтыпты. Сайттар соның өңін айналдырып, желпілдетіп жатыр: "Димаштың концерті нашар өткен сықылды...", "Қазақша ән аз айтылды..." т.б.


Әркімнің өз пікірі бар. Оны сыйлау керек. Бірақ Ата қазақты Бала қазаққа жау ғып көрсеткеннен ешкімнің ұтпасы хақ. Контекстен "өзіңе керекті" бір сөзді жұлып алып, сұхбат берушіні ыңғайсыз жағдайға қалдыру аса жақсы емес-ау...


Сосын факт деген бар. Концертте Димаш "бір-екі ғана" емес, 11 қазақ әнін айтты. Жалпы айтылған 24 әннің 11-ін! Қалғанын ағылшын, орыс, қытай, итальян т.б тілдерде шырқады. 64 елден 13 522 көрермен келген концертте 24-тің 11-і, меніңше, аз емес.


Екіншіден, "шоу" жайында. Стадионға 30 мың адамды жинап алып, классикалық концерт қою қиын. Бұл жерде нағыз шоу керек.


Енді концерттің экономикалық жағына келейік. Әлгі 13 522 көрерменнің әрқайсысы 1 миллион теңгеден қалдырды дегенде де, елімізге 13 миллиард 522 миллион теңге келген екен! Әрине, плюс-минусы болуы мүмкін, біздікі Байжан шама ғана! Қалай дегенде де, еліміздің "қалтасына" аз ақша құйылмағаны анық.


Әрине, біз қазақ әндері көбірек айтылғанын қалаймыз. Қанат та, Димаш та сол жолда еңбек етіп жүр. "Славянский базарда" Гала-концертте ұйымдастырушылар орыс тілінде ән айту туралы талап қойғанда, әкелі-балалы екеуі табандап тұрып алып, ақыры Димаш "Дайдидауды" шырқаған.


"Болашақта "Айнамкөзді" шығарсам деп ем..." деп қалды бір сөзінде Димаш...


Қазір дүниенің түкпір-түкпірінде әртүрлі ұлт өкілдері қазақша ән шырқай бастады. Димаштың арқасы! Миллиард қытай оның бір ауыз сөзінен кейін Абайға үңілді...


Реті келгенде айта кетейін, біз біртүрлі келінінен ұлын қызғанатын ана секілді Димашқа ешкімді жолатқымыз келмейтін сияқты. Қытайға барып өнер көрсетіп еді, "Қытайдың жобасы" дедік, орысқа барып еді, тағы айқай салдық. Қазақ әншілері үшін Кремль сарайына барып ән салып салу арман болған күн кеше ғана емес пе еді? Тіпті орыспен дуэт айтқанның өзі мәртебе еді ғой. Енді сол орысың өз ұлыңның соңынан жүгіріп жүрсе, қазақша айтқанда, атаңның басы керек пе?

Енді Димаш Нью-Йоркте концерт қоймақ. Одан кейін де бірдеңе дейтініміз анық...)))


...Айтпақшы, Димаш туралы жазылған әлгі негатив дүниелердің бәрі ағылшын тіліне аударылып, әлем сайттарында жарияланып жатыр екен. Нью-Йорктегі концертке "...сөзі ұзын қазақтың" сыйлығы" сол болмақ(((


Бауыржан Бабажанұлы


Фейсбуктегі парақшасынан


 


 


 


Фейсбуктегі парақшасынан


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30