Атадәстүрімізге қарсы заңды қабылдатса - нала арқалайтынын ескерулері керек!
Сонау 70-жылдары, Түркістанда партком мүшесі апамыз бопты. "Немересін сүндеттеді, совет үкіметіне қарсы шықты " деп, парткомның жалпы жиналысына сап, партбилетті столға қоюын талап етеді. Апамыз текке партбилет алмаса керек, партбилетті ұстап тұрып:"Партбилетімді алмас бұрын осы отырған бәрің бұттарыңды шешіңдер?!"-депті. Отырғандар жым болып, "бетің құрсын?"- деп, партбилетін қалдырған екен.
Бүгін қара пешімнің көңіл-қошы онша емес екен. "Қой, шырағым, еркелігіңді көтеруге шама жоқ. Аз шыдасаң өзің-ақ алты айға менен құтыласың. Мүйіз шықса бақандай алты ай бойы демаласың. Ешкім сені піштіргелі жатқан жоқ?"- деп ұрсамын деп, неге соңғы сөйлемді айтқанымның себебін түсініп, күліп жіберсем бола ма? "Иии, жәнеем, қара пешім-ау, апаң миындағы ойды саған айтыпты ғой, кешірші?"- деп айналып-толғанып алып, отты тұтсам, гулеп ала жөнелді. Ыстық суымды ішіп отырып, Оңтүстіктің Біржан Байтуов бауырым бастаған ақындардың Президентке арнаған жанайқайын көріп, көңілім босады. Рас қой?! Егер, мына түрі бөлек отбасылық заң қабылданса, "әкубайымды кестірмеймін" деп, әке-шешесіне арызданып учаске полициясына звондап, ата-ана құқынан айыратын ұлдар көбеймесіне кім кепіл? Осы заңды сүйреп әкеген адамның өз баласы басына келтірсе не істер екен ә? Конфуцийден императоры:"Ұлтты жою үшін не істеу керек?"- дегенде, -"Дәстүрден айыру керек!"- деп текке айтпаған. Дәстүрден айырылған ұлт - малмен тең. Егер, жаңа шақырылымдағы депутаттар Атадәстүрімізге қарсы заңды қабылдатса - үрім-бұтағына кететін нала арқалайтынын ескерулері керек! Мақпал Мыса Erlan Sairov сіздерге сенем!
Айтпақшы, далада қар жоқ, жігіттердің жеңіл кәстөммен тұрғанын көріп, "былтыр түсірген видеосын қолданыпты" деп ойлап қалмаңыздар, Шымкентте күн көктемнің күніндей жып-жылы боп тұр. Наурызды елден бұрын қарсы алатын Оңтүстік қой?!
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан