Сен тұр - мен айтайын!

Атақты болу - тұлғалыққа жету емес

  • Атақты болу - тұлғалыққа жету емес

    Атақты болу - тұлғалыққа жету емес

 Санамда жүрген ой еді

Танымал болу, атақты болу - тұлғалыққа жету емес.

Адамдардың сенімен таласа-тармаса суретке түсіп, жаны қалмай сыйлауы сенің кемелдікке жеткеніңді білдірмейді. Өренің биіктігі – бөлек әңгіме. Ілім-білім жинау, таным көкжиегін кеңейту, ізгілікке ұмтылу адамды тұлғалыққа бағыттайды. Ал, тұлғалық деген – ірілік, биіктік. Егер шындап ұмтылса, адамның өзін, мінезін түзеуге шамасы келеді.

Алайда ішкі мәдениет болмаса, бәрі бекер. Себебі ондайлар ақша, атақ, уақытша сый-құрмет пен мәнсіз отырыстар үшін адамгершілікті құрбандыққа шала салады. Бір-ақ күнде құбылып, кез-келген жерде досын, тілеулесін, сыйласын сата салады. Ең жаманы, ол сол опасыздығы үшін қиналмайды да. Қандай өкінішті!.. Көкірек көздің суалғаны жанардың суалғанынан да жаман ғой.

Мен үшін кешеге дейін жаман адам деген түсінік болмайтын, бірақ бүгін барлығын басқаша түсіне бастағандаймын...

Жаман адам жоқ. Тек өміріңе кедергі жасайтын, көңіліңді түсіріп, жолыңды кес-кестегісі келетін келте ойлы, өмірге өкпелі адамдар бар...

Мен бүгінде адамдарды танымалдығы үшін емес, парасатының танымалдығы үшін жақсы көре бастадым.

Сыртқы өтімділігі үшін емес, ізгі ойы, тереңдігі үшін құрмет тұта бастадым.

Уақыттың көз жасын сүрту жалпымыздың бірдей қолымыздан келе қоймас, алайда айналаңдағы жақындарыңның көзіндегі жасты көру де адамдық қой!

«Өмірдің мәңгі, ғұмырдың қысқа» екенін мықтап ұғып алғанмын! Ә. Кекілбаевтың осы сөзі санамда жатталып қалғаны соншалық, әр қадамымда «Мен неге мастанамын, осы! Сабаңа түс!» деймін де отырамын.

Кейде оқығаны, тоқығаны көп, сөзі биік болса да, ойы қортық, жазған шығармасы терең болса да, пейілі тар адамдармен бетпе-бет келгенде «аса білімдар болмағаным қандай ғажап болды!» деп қуанам, шын айтам.

Кемеңгер адам болуға шамам жоқ, жақсы адам болу да қиындау... Бірақ, өз басым АДАМ болып өмір сүру міндетім деп білем.

АДАМ болайықшы!


facebook.com




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31