Сен тұр - мен айтайын!

Атам қазақ бекер айтпайды екен халық емін болса да жасап, қам-қарекеттене берейік

  • Атам қазақ бекер айтпайды екен халық емін болса да жасап, қам-қарекеттене берейік

    Атам қазақ бекер айтпайды екен халық емін болса да жасап, қам-қарекеттене берейік

Құрметті фб достар! Он төртінші күн дегенде тәуір болдым. Қалімді сұрап,не көмек керек,ауруханаға жатқызайық па деп хабарласқан достарыма мың алғыс.
Дәрігер жазған дәрінің бәрін қабылдай алмадым. Бірақ қолдан келгенше емнің бәрін жасадым. Тәуір боп тұрғандай боласың да аяқ астынан қайта қайта әлсіретіп құлата берді. Соңында әсіресе жүректің айнуы қосылып, қинады.
Содан қойдың сорпасы жақсы дегенді оқыдым. Бәріміз ауырып жатқанда, базарға қой алуға қайдан барасың. Мұздатқыштың бір қуысында қойдың төсі қалып қойған екен. Соны қызым асты. Баяғы "Ер төстік" ертегісіндей. Сол төстікті сорпалағандай, сізге өтірік болар, маған шын, екі күн сол төсті асқан сорпаға қара бұрыш салып,құрт езіп ішіп, әл жинадық.
Атам қазақ бекер айтпайды екен. Кеше ватсаппен бір видео тарады. "Балаға құйрық май жағуды қойдық. қой етін жемей, сиырға көштік. Сол дұрыс емес" деген. 100% қосыламын. Ертегі, эпос жырларды алайықшы. Баяғыда бай болыпты. Мыңғырған қойы мен табын-табын жылқысы бопты деп басталмай ма? Сиыр туралы айтпайды. Соғымға қыста жылқы сойып, жазда жантық деп қой етін жегені бекерден бекер емес. Жылқы еті дәруменге бай, бойды қыздырады. Адам тоңбайды. Қой етінде де қызу бар. Бойдағы салқынды шығарады. Ет асқанда ең алдымен бауыр мен құйрықты алып, тіліктеп кесіп, аздап тұз сеуіп жібері, ең алдымен бюалалардың аузына тығатыны, осы аурудың алдын алу екен ғой Онвң бәрін ұмыттық. Іш ауырса ішімізге, тұмауратсақ арқамызға құйрық майын қыздырып жіберіп жағып, борша борша боп терлегенше орап тастайтыны ше. Ертесі құлан таза айығып, атып тұратын едік қой.

Сиыр етін қазақ неге жемеген? Желі бар деп жемеген. "Қазақия" газетін шығарып жүргенде Өмірзақ Ақжігіт аға баяғыда бір әңгіме айтып еді.
Бір досының әйелі ылғи қыз туа беріпті. Содан ұлсыз қалам ба деп уайым жеген досына аға айтыпты.
" бір жыл әйелің шөп-шалам, сиыр еті дегенді қойып, тек жылқы етін жеп, қымыз ішіңдер бір жылдан соң келіншегің бала көтерсін. Ұл болмаса, маған кел" деген ғой. "Айтқаным келді, ұл тапты" деп отыратын. Бойдағы жел-құздың бәрін шығарып, әл беретін жылқы мен қойдың еті мен сорпасына жетері жоқ.
Дәрі жоқ деп, дәрігер қарамады деп салымыз суға кетпесін. Уақыт сынынан өткен, ата - бабамыздан жеткен халық емін болса да жасап, қам- қарекеттене берейік. Ауырмаңыздар. Індеттің беті аулақ. Халқым аман болсын!

 

Бақыт Жаншаева
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2101    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31