Сен тұр - мен айтайын!

Әттең, есіктің аузында, тиын санатқан тағдыр-ай...

  • Әттең, есіктің аузында, тиын санатқан тағдыр-ай...

    Әттең, есіктің аузында, тиын санатқан тағдыр-ай...

Автобустың есігіне сүйенген, тепсе темір үзетін, жауырыны қақпақтай батыр тұлғалы ұлдың, есікті серпіп ашып, мінген, түскенді лып еткізіп, ішке көтеріп ала қоятын күшіне таңдана қараймын. Бұлшық еті ойнап тұр. Әттең, есіктің аузында, тиын санатқан тағдыр ай. Ат құлағында ойнап, көкпар шауып, бәйгеден оза шапқанын ғана көргім келді...

Күзетші жігіттің, әлдебір жас қыздың бетінен алып, төсіне шауып, бажылдап, шыңғырып, әлденені дәлелдеп жатқанына қарап тұрып, дәл осылай білген түйгенін жұлқып- тартып, шыңғырып тұрып білімін дәлелдеп, әділетсіздеу ұстазды жрге қаратып, бетінен алып, төсіне шауып, дипломын қорғап шыққанын ғана көргім келді...

Қияқ қасын керіп, гүл ерні күлімдеп, біз өкшесі тықылдап, сүйрік саусағына щылымын қыстырып, тоқ балтырын жылтыратып, қарақат көздері боталап, өткен кеткен көлікке телміре қарап, тоқтағанына жүгіріп барып, балтырының бағасын айтқан бойжеткеннің, ақ жаулығы желбіреп, ақ жүрегі елжіреп, бесік тербеткенін ғана көргім келді...

Таңмен таласып тереземнің тұсынан шырылдаған бозторғай үнді бозбаланың "айран, сүт, аламыз" деп әуендете созған сұлу үнінен, таңғы бағдарламада шайырлардың шайқаған қаламынан тамған жырды, тамылжыта оқып тұрғанын ғана көргім келді...

Мұңлы жанарын көкке қадап, қайыр тілеген жас келіншектің сәбиінің көзіне қарай алмадым... Ол нәркес көздерден Қазағымның болашағын көргім келмеді!!!...


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31