Сен тұр - мен айтайын!

Ауадан ақша жасау осы блокпосттарда болып жүрмесін...

  • Ауадан ақша жасау осы блокпосттарда болып жүрмесін...

    Ауадан ақша жасау осы блокпосттарда болып жүрмесін...

...Кеше бір шаруаларыммен Ақтөбеге барғанмын. Алғаға қайтар жолда, құдағайым "ұстап" алды. "Ойбай біз Ақтөбеге шаруаларымызбен кетіп барамыз, Гүлсамал жұмыста, балдардың қасына кел". Келдім. Жиендер бірінен соң бірі ұйқыдан тұрып, сүт-тамақтарын беріп жатқанда, олар да келді. "Ертең қайтасың да, қала сал". Ақтөбедегі шаруам бітпеген, жақын жерден бара салатын болып, қонып қалдым.
Ертемен тұрсам Ақтөбе кіргізбейді. Пропуск керек. Алғаға 15 шақырым Бестамақтан (дұрысы-Бестама) 2,5 сағат машина күтіп, Алғаға келсем, жауып тастапты.
Содан посттағы балаларға түсіндіріп, әкімдіктегі жігіттерге қоңыраулатып, әйтеуір өтетін болдым. Шынында пропускім бүгін дайын болуы керек-тұғын.
Жігіттер, обалына не керек, "апайдың көлігін жіберіңіз" деп ГАИ-ға айтса, жібермейді. Бақсам-көрсем... мен отырған көліктің жүргізушінің правасы жоқ. Масқара ғой, қалай сонда күре жолда жүр?

Жігіттер маған жаутаңдайды, "Айқай апаймын" ғой))), "сендердікі дұрыс балалар, мынау масқара гой" деп көлікті сол жерде қалдырып, жұмысыма әрең жеттім. Ана шопырды ойлап жүрегім ауырды. Тастап кеткеніме. Бірақ өзіме өзім ұрысып алдым. "Ау, правасы жоқ болса, сен не істейсің?"
Сонда деймін та, елдегі індет мынау, оның үстіне правасы жоқ, не істеп жүр? Осы қазақтың салғырттығы қашан бітеді екен, а?
Басын айтқасын, аяғын айтайын. Азық-түлік таситын Газелге 2 қыз, бір жігіт мініп келе жатыр екен. Азан-қазан болды бір кезде. Тек шопыр мен грузчикті ғана жіберулері керек екен. Бір қыз "мен ақша есептеймін" деп дәлелдеп әлек. Мен тұрмын айран-асыр: шопыры ана жігіт, грузчигі ана қыз ба сонда?" Явно, что-то не то... Бір қыз түсіп қалатын болды, короче...
Неееет! Аздап сөйлесіп, вагончикке бір кіріп шыққан соң, үш адамнан тұратын комплект кете барды всевояси! Ааал, мен не ойлауым керек сонда?
Ауадан ақша жасау осы блокпосттарда болып жүрмесін...
"Мен қауіп еткеннен айтамын"...

Шара Турмаганбетова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1647    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 16:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31