Ауадан ақша жасайтын банктерге жаңғыру жетпеген сияқты

19 сәуір 2018, 10:17

Біздің банктер қызық. Алдындағы компьютерде тұрған есеп-шот туралы анықтаманы 3 теңгелік қағазға шығарып бергені үшін 1500 теңге комиссия алады. "Тегін алғыңыз келсе ертең келіңіз" дейді. "Ертең келуіме не себеп, сіз бəрібір дайын тұрған осы қағазды шығарып бересіз" деп едім, "Иə, осы қағазды шығарып береміз" деген жауап алдым.
Қызметтің осы түрі біріңғай тегін немесе ақылы болса түсінемін. Бірақ, дайын тұрған анықтаманың бүгін барғанымда ақылы, ертең барғанымда тегін болатынын түсінбейді екенмін. Ақы алатындай құжаттарды тексеруді, өңдеуді қажет ететін болса түсінуге болады. Дайын қағазды шығарып беріп, клиенттің уақыты тығыз екендігін пайдаланып, ауадан ақша жасайтын банктерге жаңғыру жетпеген сияқты.

facebook.com парақшасынан