Сен тұр - мен айтайын!

Ауғантанушы «сарапшыларымыз» аузына келгенін айтып, «қуып» кетеді екен...

  • Ауғантанушы «сарапшыларымыз» аузына келгенін айтып, «қуып» кетеді екен...

    Ауғантанушы «сарапшыларымыз» аузына келгенін айтып, «қуып» кетеді екен...

Немістердің Сталинградтың түбіндегі шайқас туралы түсірген бір мықты фильмі бар. Қысты күні қоршауда аштықтан бір, оқтан бір қырылып жатқан неміс солдаттарына сонау жердегі Германиядан ұшақ келіп, оқ-дәрі мен тамақ әкеп тастап жүреді. Кейде онысы майданның тура ортасындағы бейтарап зонаға түсіп, қаншама неміс солдаты елінен келген сәлемдемені алу үшін соған омбылатып, бұқпантайлап бара жатқан кезде тағы оққа ұшады. Сталинградтың түбіндегі соғыстың бүкіл трагедиясын ашып көрсеткен керемет фильм, айтары жоқ. Қоршауға түскен кезде бірнеше ұшақ келіп солдаттардың біразын Германияға алып кетеді. Ең соңғы ұшақ келгенде бәрі соған отырып, әлгі «қарғыс атқан» жерден тезірек кетіп қалуға асығады. Көбі сыймай қалады. Сыйғандары кейін сол жақтан қайтпай алмай қалған қаруластарын жылап отырып еске алады. Өте аянышты фильм. Елдің бәрі кимелеп, отырғысы кеп жатқан тура сондай бір ұшақтың видеосын кешеден бері бәрі пост қылып салды. Ұшақтың төбесіне, қанатына шығып алған ауғандықтарды жабайы, надан халық деп аузына келгенді айтып, оларға күліп жатыр. Құдай басқа салмасын. Басыңа қауіп төнгенде, сол ауғандықтардың орнында болсаң көрер едім. Бұлар жан сауғалап қашып бара жатқандар. Америкалықтармен бірге жұмыс істеген, соларға қызмет қылғандар ғой деймін. Тәліптер өздерін аямайтынын біліп, сол ұшаққа жабысып алыпты. Видеоны салып қойып қарап отыра бермей, аздап түсініктеме беріп қойып отырсаңыздаршы. Әйтпесе, әлеуметтік желідегі ауғантанушы «сарапшыларымыз» аузына келгенін айтып, «қуып» кетеді екен...

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2423    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 22:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31