Сен тұр - мен айтайын!

Аулаларға жасалған дезинфекцияның өзі суретке түсу үшін сияқты...

  • Аулаларға жасалған дезинфекцияның өзі суретке түсу үшін сияқты...

    Аулаларға жасалған дезинфекцияның өзі суретке түсу үшін сияқты...

ЖЕРГЕ ТҮСІҢДЕР ЕНДІ...

"Ойбой, мына індет кезінде бай мен кедей теңелді, тәубасына келіп жатыр!"-деген видео, қаңқу сөз көбейді желіде. Теңелгенін көргем жоқ, әйтеуір ойын жүріп жатыр. "Бәленше бай еді ғой, неше ақша беріпті?" - деп, өзгенің қалтасын тінтіп жатқандар да бар. "Ақын өліміне көңіл айтпады!"-деп мәдениет министрлігін мұқатып та үлгеріпті. #Бізбіргеміз деген бастаманы да өзінің пиарына айналдырып жатқандарды көріп, жыным қысып отыр. Оу, өзіңнің аузыңа алты ауыл қарап, соңыңнан сегіз адам ерсе, соларға тіліңді алдырып, үйіне қамашы. Бүгінгі таңда үкіметке де, өзіңе де, өзгеге де керегі сол - аман қалу! Сенің "бәленшенің бастамасымен, түгеншенің сарабдал саясатымен" жүргенің емес, шешендік өнерді меңгергенің, корона вирусты әнге қосқан талантың емес керегі! Сол сенің айтқаныңа көніп, дегеніңді істейтін аман қалса, ертең қатарың көбейеді ғой, соны ойлашы.
Онсыз да өтірікке өтірік жамап, өршітіп, енді сол әдеттен арыла алмай отырмыз. Аулаларға жасалған дезинфекцияның өзі суретке түсу үшін сияқты. Онлайн оқытудың өзі халтура боп барады. Бетпе-бет отырғанда ұқпайтын адам, экраннан ұға қояр деймісің. Жоғарыға отчет бергенде сұрапыл сұмдық болып жатыр...
Асқынбасын, көбеймесін деген тілеу ғана болса бәрімізде. Тезірек арылу үшін тәртіпке бағынайық! Облыстарда, аудан, ауылдарда да шектеу басталды. Енді сол әкімшілікке әкіреңдемей айтқанына көнсе ағайын ғажап болар еді. Татулық керек қазір. Жаға жыртысатын, өкпе айтатын уақыт келеді, аман қалсақ. Ымыраға келіңдер, ешқайсың тағыңнан түсіп қалмайсың. Көсемсімей адаммен адамша сөйлесіп, ұғысайық біраз күн.

Уот тәк!

Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31