Сен тұр - мен айтайын!

Ауруханада нәрмәлні әбщәтсә ететін кез келді ғой деп ойлаймын

  • Ауруханада нәрмәлні әбщәтсә ететін кез келді ғой деп ойлаймын

    Ауруханада нәрмәлні әбщәтсә ететін кез келді ғой деп ойлаймын

Адамның күлкісі келеді кейде ше. Шарасыздықтан күле ме адам?

Түн ішінде балам ауырды. Жедел жәрдем шақырайын деп едім, төрт жастағы ұлым "Анашым, таң атсын, шыдайын. Сосын өзіміз барайық. Қатты ауырып тұрған жоқ қой " деді. "Жарайды" деп жатып қалдық. Бес жарым болғанда оятты. "Әрі қарай шыдай алмаймын, барайық" деді. Мәшинемді оталдырып, (Қаскелең жақта қонақта едік) жақыны Қаскелең ғой деп, аудандық ауруханасына бардық. Алтыдан жеті жарымға дейін күттік. Дәрігер қайда десек, "Ұйықтап жатыр" деді жұлынып, бір әйел. Дәрігер деуге ауыз бармайды, бір ашуланшақ тәтенің үйіне сүт сұрай барған сияқтымын)) "Бәле болдыңдар ғой" деп тұрған сүт бергісі келмей тұрғандай ұстайды өзін. Сөйтсек, хирург ота жасауға кіріп кеткен екен. "Ұйықтап жатыр " дегені мысқылы екен. Хош, кезекші болса да, отаға кіруге мәжбүр болған шығар. Ұлыма қалаға барайық па деймін. "Жоқ, дәрігер отадан шықсын" деді. Бір жарым сағаттан соң хирург келді. Келді де, "балаға детский хирург керек" деді. Ол ГРЭС-те, соған барыңдар". Ок.

Сонда приемный покойдағы дәрігер балаға детский, үлкендерге үлкендерский хирург керек екенін білмей ме? Мен ғой білетін шығар, күтіп отырғаным детский хирург шығар деп отырмын ғой, манадан бері)))

Ана тәтеге айтып кеттім бірақ:" Сіздің таңдап алған жұмысыңыз ғой, ешкім сізді тапанша тақап, жұмыс істеуге мәжбүрлеп жүрген жоқ болар. Бір күн жұмыс істеп, бір күн демаларсыз. Шаршасаңыз больничный алыңыз. Мен сіздің үйіңізге келіп отырған жоқпын" дедім. Басқа не дейін? Қайта Дархан шыдамды, әрі ауру да қатты қорқынышты емес екен.

Басқаша болғанда ше? Алла сақтасын. "Кешіріңіз, енді ауырмаймыз" дедік ішімізден, тұспалдап, мысқылдап сөйлегенді ұнататын кісі бұл сөзді дауыстап айтсақ та түсінер еді, бірақ мен оның үйіне келіп тұрған жоқпын. Мысқылдап сөйлейтін жер аурухана емес.

Бұл күлкі - бір түрлі күлкі. Аурухана басшылығын танитындар болса, тегтей отырыңыздар. Бәле іздейін деген ойым жоқ, тек ауруханада нәрмәлні әбщәтсә ететін кез келді ғой деп ойлаймын.


Бану Даулетбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1568    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.08.2019, 13:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31