Сен тұр - мен айтайын!

Ауыл-аймақ осы 20 жыл ішінде халқының тең жартысынан астамынан айырылып қалды

  • Ауыл-аймақ осы 20 жыл ішінде халқының тең жартысынан астамынан айырылып қалды

    Ауыл-аймақ осы 20 жыл ішінде халқының тең жартысынан астамынан айырылып қалды

Бүгін Нұрсұлтан қаласында өткен ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың өткізген брифинг барысында бір азамат Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының ауруханасы туралы мәселе көтеріпті деп естідім. Шалғайдағы халықтың жанайқайы елорда төрінде ауызға ілінсе ауыл ауруханасының жағдайды әлі де бақылауда болатыны анық. Адам өмір мен өлімнің арасында ауруханаға қатты ауырып келген уақытта жоқ болған ФГДС пен УЗИ аппараттарының мамандары (аппараттардың өзі бар) ертеңінде комиссия келіп тексерген уақытта табыла қалғаны қызық болды. Сонда ол дәрігерлер адам ауырып келген уақытта неге ФГДС, УЗИ мамандары жоқ деп шарасыздық танытты? Ал комиссия келгенде аяқ астынан пайда бола қалған жас мамандардың біліктілігі қандай? Диагноздарына сенуге бола ма, жоқ па?

Аппаратпен адамның ағзасына нақты диагноз қоя ала ма?

Алдағы уақытта ерінбей қаладағы ең мықты клиниканың УЗИ және ФГДС аппараттарына түсіп, ертеңінде ауылдағы дәл сол аппараттың мамандарына түсіп көріп, екеуінің қорытындысын салыстырып көру ғана қалды.


Жарайды оларды қоя тұрайық. Бірақ бұрыңғы Тарбағатай ауданы халқының аудандағы ауруханаға мүлде барғысы келмей, жеке меншік білікті дәрігерлерді жағалап кеткенін немен түсіндіруге болады? Білікті дәрігерлердің Ақжар ауылынан үдере көшіп кетіп қалғанына қандай жағдай себеп?

Облыс әкімі шекаралық аймақтағы Катон Қарағай, Ақжар, Марқакөл аудандары қайтадан қайтарылмайды депті. Ауыл-аймақ осы 20 жыл ішінде халқының тең жартысынан астамынан айырылып қалды. Қалаға көшу әлі де жалғасып жатыр. Ауылдағы медицина сапасының төмендігіне байланысты мен де ата-анамды қалаға әкеткелі жатырмын. Біздің соңымыздан қаншама туысқандар да екіойлы болып отыр.

Бұл мәселелердің барлығы да Ақжар ауылын жеке аудан орталығы қылмай шешіле қоюуы екіталай. Тым болмаса ауылдарға интернет пен газ тартылса, шағын өндіріс орындары ашылса біраз халықты ұстап қалуға болар еді. Бірақ бұл армандардың жуықтағы 10 жылдықта орындала қалуы мүмкін емес сияқты.


Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1369    Пікірлер: 0

жұма, 22.11.2019, 21:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31