Сен тұр - мен айтайын!

Ауылды жою деген жасырын жоспар бар ма, бұл қалай?

  • Ауылды жою деген жасырын жоспар бар ма, бұл қалай?

    Ауылды жою деген жасырын жоспар бар ма, бұл қалай?

Мұғалім болу-қиын екен

Демалысымның жартысын алпыстағы шешемді, ой, шешемді деппін ғой, мұғалім әкпемді аудан орталығына тасумен өткіздім. Күнде апарам. Себебі ол мұғалімдерге арналған "Жаңартылған бағдарламаны " оқып жүр. Карантин ғой. Аудан орталығынан оқып не керек дерсіз? Негізі үйде отырып, зуммен оқуы керек еді. Иә, зуммен оқыды. Бірақ үйде емес. Үйде, ауылда интернет жоқ. Сондықтан ноутбукты салып аламыз да орталықтағы туыстардың үйіне барамыз. Бара беруден ыңғайсызданып кеткен күндері машинаның ішінде, тоғыз жолдың торабында, интернет тартатын жерде оқимыз. О кісіні оқытам деп жүріп, әлгі бағдарламаны мен де түсініп алдым. Мұғалім деген идеологиялық әскер ме деп қалдым. Неге екенін сосын жазам. Енді деймін де, мұғалімі интернет тартпай, сенделіп кеткен ауылдың оқушысы кім болмақ, қайтпек? Интернетсіз жерде өзімнің де жүйкем сыр берейін деді. Бірақ бұл менің туған жерім ғой. Ауылды жою деген жасырын жоспар бар ма, бұл қалай? Ауылдың адамдары да салық төлейді. Олар неге заманның игілігінен мақұрым қалуы тиіс?

 

Айнұр Төлеу
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2413    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30