Сен тұр - мен айтайын!

Ауылдың тірлігінен бейхабар жандар "соғым қымбат", "қымыз қымбат" деп жүр...

  • Ауылдың тірлігінен бейхабар жандар

    Ауылдың тірлігінен бейхабар жандар "соғым қымбат", "қымыз қымбат" деп жүр...

Биылғы қыс ауыл жұртына оңай тимеді. Боран, аяз ештеңе емес-ау, ақпан айында жауған жаңбыр қатты әбігерге салды. Жылқының қолда тұрғанына да бір ай болыпты. Себебі жауыннан кейін дала көк айна мұз боп, тебінге келмей, жылқының тұяғы қажала бастапты. Құлын тастап кетеді деген қауіппен ауыл жұрты жылқыны жаппай қолға ұстапты. Көктем айы туғанмен, даланың мұзы әлі жібімепті. Елдің шөбі де таусылып, қолдағы сиыр мен қойға шөп қалмаған соң, жылқыны бір құдайға тапсырып, далаға жібергендер де бар екен. Қалада отырып, фейсбукте ананы бір, мынаны бір талқылап шаршасақ, ауылдағы ағайын таңнан кешке дейін қора мен үйдің арасындағы күйбең тірліктен шаршап жүр. Бар тілектері - жердің тоңы жібіп, малды көкке шығару. Мал өсіру оңай емес. Бейнеті көп. Ауылдың тірлігінен бейхабар жандар "соғым қымбат", "қымыз қымбат" деп жүр.
Бұл - Арқаның қысы.

 

Марал Дадиева
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1606    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31