Ауылға барсаң дұрыс емделмегеннен инсульттан парез, паралич болып қалған қарт кісілер көп
Осы сайлауда тек дауыс беруші емес , бақылаушы болып қатысамын. Алдыңғы сайлауда Қосановтын лақтырғаны қатты өтіп кетті. Қосановты жақтап жұмыстағы орыс медсестраларға дейін, "он хороший человек" деп дауыс бергізгем. Хорошо что олар Қосановтың бізді лақтырып кеткенің білмейді. Бұл сайлауда Ауыл партиянысы атынан бақылаушы болып, сол партияға дауыс берем. Себебі басшысы Әли Бектаевты әке шешем жақсы танып сыйлайды. Біздің ауданда басшылық қызмет атқарған. Ауылдың промблемасын жақсы біледі. Менің позициям барлық адамның құқығы тең. Ауылдардың сиқы қашып барады. Ауылдарда қарт кісілерді қалдыру қауіпті болып жатыр, себебі ауылда дәрігер түгіл дәрі жоқ. Оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Алыс ауылдарда адамдар әлі уақытысында жасалмаған аппендициттен қайтыс болып жатыр, зато Астанада әлемде енді шыққан "Да Винчи" операциялық машинасы бар. Ауылға барсаң дұрыс емделмегеннен инсульттан парез, паралич болып қалған қарт кісілер көп. Барлық адамдардың құқығы тең, ауылдағы халық, тек ауылда тұрғаны үшін қайтыс болғандарды дұрыс емес.
Ғабит Нурханұлы
Фейсбуктегі парақшасынан