Сен тұр - мен айтайын!

"Ауырғанның бәрі өледі екен" деген ойдан ада болу керек

  • "Ауырғанның бәрі өледі екен" деген ойдан ада болу керек

Мен вирусолог та, дәрігер де емеспін, бірақ естіген ақпаратымды айтайын: Біріншіден, "Меропенем" сияқты ауыр антибиотикті бірден алмаңыздаршы!!!. Бір ампуласының өзі 4000-6000 тг тұратын бұл дәрінің күшті екені рас. Сол себепті қазір жұрт ауру енді басталысымен соған жүгініп, бетін аламыз деп, ақшаның да бетіне қарамай, салдырып жатыр екен, әсіресе ауылдарда. Бірақ олай ету өте опасно! Себебі "Меропенем" крайне тяжелый боп жансақтау бөліміне түскен жандарға ғана сақталатын запастағы дәрі екен. Яғни егер біз оны жағдайымыз соншалық ушықпай тұрып қабылдап қойсақ, онда жағдай одан да ушықса, ештеңе көмектесе алмай қалады" - дейді Мыңжылқы Бердіқожаев сынды "Қазақтың 100 есіміне" енген белгілі нейрохирург.
Екіншіден, иә, қазір атың өшкір індеттен өмірмен қош айтысып жатқандар жиілеп кетті. Бәрімізді қорқынышқа салып қойған осы нәрсе. Аптекада дәрі қалмай жатуы да осы қорқыныштың кесірі, "а вдруг ауырып қалсам" деп, алдын ала дайындық. Біле білсек, осы нәрсенің өзі де жартылай ауыруды білдіреді. Самовнушение. Себебі стресс мида кортизол гормонын көбейтеді. Ал ол гормон адамның иммунитетін әлсіретеді. Ғылыми түсіндірмесі осындай. Ал енді табиғат өзі ақ пен қара, күн мен түн сияқты кез келген нәрсенің антонимін бірге жаратады ғой. Яғни кортизолдың күшін жоятын да гормон бар, ол - окситоцин, яғни бақыт гормоны. Ол адамдардың бір-біріне деген мейірімінен, сенімінен, жақсы көруінен, жанашырлығынан, қолдауынан туады. Мысалы балаңыз жылап келсе, құшақтасаңыз жұбанып, артынша күлімдеп сала береді ғой. Дәл осылай біз тап қазіргі кезде өзімізді, отбасымызды, жақындарымызды сақтап қалуымыз керек.
Айтпағым, ағайын-жұрт аза тұтып отырғанда қарқылдап күл деп тұрғам жоқ, әсте олай емес. Тек, "ауырғанның бәрі өледі екен" деген ойдан ада болу керек. Сосын бір-бірімізге жақсы сөз айтып, жақсы көріп (бала, ата-ана, бауыр, жарымызды) барынша қол ұшын созайық. Тым құрыса, зиянымызды тигізбейік, яғни ауырып қалсақ, ешқайда шықпай үйде отырсақ, көмектің атасы міне сол.
Қысқасы, қою бұлттың бір күні сейілтіп, ар жағынан күн жарқырап шығарына сенейік!

Паникаға берілмейікші, ағайын!


Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1157    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31