Сен тұр - мен айтайын!

Ауызды жаппаңдаршы, өтініш!

  • Ауызды жаппаңдаршы, өтініш!

    Ауызды жаппаңдаршы, өтініш!

Резонансты оқиға кезінде халықтың аузын жабуға тырысатындар бар. Жазбам соларға арналады.

“Ертең-ақ, ұмытып кетесіңдер”; “Айқайлап, шулағаннан пайда жоқ”; “Как будто, елде басқа проблема жоқтай,” “Мықты болсаңдар, неге ананы айтпайсың, неге мынаны айтпайсың?”; “Әуре болмаңдар, мәселе шешілмейді”; “Сынай бермей, өзіңнен баста”. Осы сөздер таныс па?

Мұндай сарындағы пікірді қатардағы адам емес, сөз еркіндігін өзгеде ерекше бағалауы тиіс журналистер(сымақ) айтқанда көңілім құлазиды. Неге екенін айтайын. Билік табиғатынан жаман институт. Ерік берсең, америкалық президенттің өзі Ким Чен Ынға оп-оңай айналады, Путинді жолда қалдырады. Билік ол сондай. Адамзаттың мыңжылдың тарихы дәлелдеп берді. Исключение жоқ, періште билікте ұзақ отырса, кімге айналарын айпай-ақ қояйын, бірақ періште бейнесін сақтап қала алмайтыны анық. Дамыған елдерде билік басындағыларға шектеу көп. Мәселен, АҚШ-та сегіз жылдан артық ел басқара алмайсың. Ғасырлар бойы қалыптасқан демократиялық институттарды бағындыру үшін бұл уақыт өте аз. Оның үстіне президенттікке дейінгі өмірің бар болса, президенттіктен кейінгі өмірің тағы бар дегендей. Бар болғаны екі-ақ жылдың ішінде Трамп екі Жоғарғы Сот мүшесін бекіттірді. Екінші мерзімге таласса, өте маңызды институт саналатын ЖС мүшелерін түгелдей жаңартуы мүмкін. Трамп үш не төрт мерзім отырса не боларын елестете беріңіздер. АҚШ Жоғары соты - президент шешімінің күшін жоққа шығара алатын қуаты мықты институт. Одан бөлек, Конгресс бар, қауқары мықты журналистика, ғылыми қауым бар.

Мұндай институттардың біреуі де бізде жоқ. Парламент пен Сот жүйесі нағыз демократиялық институт емес екенін айту үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Төртінші билік тағы жоқ. Мұндайда елдегі жалғыз демократиялық институт халықтың өз ойын ашық білдіруі ғана болмақ. Иә, Фэйсбук біз үшін демократиялық институт, пікір білдіруші, биліктен талап етуші сол институттың мүшесі.

Денис Теннің өлімі кезінде бірнеше адамның “Ертең-ақ, ұмытып кетесіңдер” деген жазбасын көрдім. Бәлкім бұл кісілердің пиғылы жаман болмаған шығар. Бірақ бұл пікір қоғам үшін теріс екенін айтқым келеді. Бұл пікірдің месседжі: сенің пікір білдіруің бос әурешілік, одан да үндемей отыра бер. Ал халықтың үндемей отыра бергені үкімет басындағыларға өте жайлы. Тиімсіз саясатын, ақша жеуін емін-еркін жүргізе береді. Онымен шектелмей, өздерін мақтай бастайды, дана санайды, өз-өздеріне түрлі атақ беріп даңғазданады. Халықты “жалғанға” сендіргісі келіп кетеді.

Уақыт өте келе кез келген қайғы ұмытылады. Мұны түсінбейді дей ме? Осы қарапайым ғана ақиқатты жаңалық ашқандай айтудың кей кездегі қажеті шамалы. Сол адамдар қайта тақырып ұмыт қалмауы үшін әрекет етсе қалай болар еді? Денис Теннің өлімін биліктің есіне әрдайым сала берсек, өкімет өкілдері дискомфорт жағдайға түспей ме? Оларды болмашы нәрсемен мақтануға ақпараттық кеңістік болмай қалмай ма? Ақпаратта қысымнан шығу үшін мәселені шешуге ұмтылмай ма?

Кешегі бес баланың өлімінен кейінгі белсенділік те дәл осылай қоғам үшін өте пайдалы болмақ. Иә, бүкіл көп балалы отбасыға пәтерден сыйлау дәл қазір мүмкін емес шығар. Бірақ халықтың бұл талаптары қоғамдық дискуссияның өте сапалы деңгейде өрбуіне ықпал етті. Қалай? Билік өкілдерінің бірінші реакциясы қандай болды? “Бюджетте оған ақша жоқ”. Жалғыз билік емес, қатардағы адамдар да “қарсымын” деп шықты, “менің салыққа кеткен ақшамның олай жұмсалуын қаламаймын” деді.Бұған Арман Шораев ағамыз әдемі ой білдірді. Жекеменшік банктерге бюджеттің миллиардтаған қаражат бөліп жатқаны, үкіметтің тиімсіз ақша, тамырың терең жайған коррупция, заңның бәріне бірдей жұмыс істемеуі – бұдан кейін ақша жоқ деген аргументтің өтуі екіталай.

"Қоғам саясиланып кетті, бір Мадина министрді сынау дұрыс емеc" дейді.Егер халық саясиланбаса, ашуланбаса мемлекеттік қызметкерлердің “өз таңдауы”, “мемлекет бала тап деп айтқан жоқ” топас пікірлері бұдан әрі де айтыла бермес пe еді?

Кейде сәл бірнәрсені талқылана қалса, “бұдан басқа мәселе жоқ па?” дейтіндер “бұлбұлдар” шығады. Бір мәселені талқылау екіншісін жоққа шығармайды. Тек нақты бір уақытта нақты бір мәселенің талқылануы орынды. Оның үстіне ол нақты мәселенің дәл сол уақытта талқылануына әдетте ақпараттық себеп болады: шенеуніктің ойланбай айтқан сөзі не қайғылы жағдай.“Бұдан басқа мәселе қалмағандай” деген сөз халықтың аузын жабатын тағы бір құрал екенін ұмытпайық. Бұл қоғамның дамуына, азаматтық қоғамның күшеюіне үлкен кедергі.

Ауыз жабудың тағы бір топас түрі бар. “Мен жетістікке жеттім, мен бірнәрсе жасадым, сол үшін менің ғана пікірім маңызды, сен пікір білдірмес бұрын бір нәрсе жасап ал,” дейді. Сонда, кітап жазып, үлкен халықаралық марапатқа ие болмасаң, 100 подписчигің болмаса сенің пікіріңнің көк тиын құны болмағаны ма? Адамның танымал болуы мен оның пікірінің құнды, салмақты болуының арасындағы тікелей байланыс бар ма екен?

Төрт жыл бұрынғы жер дауы кезінде бір блогеріміз аргументі әбден тауысылған соң осындай сарында бірдеңе дегені есімде. “Мені көп адам біледі, мені көп адам оқиды, сенің пікірің кімге керек” дегендей. Ақиқат тек танымал аузынан шығатын, қарапайымға қолжетімсіз сатып алынатын зат емес. Ақиқат кімнің аузынан шықса да ақиқат. Ақиқат Африкада да ақиқат.

Жер дауы кезінде “уахабшіл” блогерлер мен журналистер “митинг” сөзін демонизациялаған еді. Кез келген митингті бүлік санап, революцияға әкеледі, шетелдік ойыншығы дегенді сіңдіруге тырысты. Көбі ерді де. Бірақ сол митинг дегеніміз осы сөз бостандығының басқа бір формасы ғана екенін не түсінбеді не түсіне отыра қабылдағысы келмеді. Кеше ашулы аналармен кездескен Ермек Аманшаевтың басы кесіліп қалған жоқ. Бірақ бұл сол аналар үшін, қоғам үшін алаңдайтын біздер үшін үлкен қадам болды. Адамдар өздерін осы елдің мүшесі екенін сезіне бастады, жауапкершіліктің кішкентай бөлігін өзіне алды. Иә, митингтерге жол ашық қоғамда, халық жағында үлкен жауапкершілік болады. Қазір қандай жауапкершілік бар? Біз үшін шешім қабылдайды, бізді ешкім тыңдамайды. Билік жауапкершілікті меншіктеп алды.

Тағы айтамын. Ой еркіндігі, пікір алуандылығы болғанда ғана біз дами аламыз. Бір адамды сайлап алып, бүкіл жүкті соған артып қою түбі жақсылыққа апармайды. Мейлі ол адам періште болсын. Мейлі оның ниеті түзу болсын. Жақсы адам профессия емес деген бар. Ниеті түзу, таза адам қателеспейді деп кім айтты? Халықтың қадағалауы сол қателіктің ауқымын шектейді, санын азайтады.

Қысқа қайырғанда, “аузыңды жап” деп айтпаңдаршы. Келіспесең не себепті келіспейтініңді айт. Бәлкім сенің ойың жеңіп шығар. Бірақ “ауызды жаппашы”, өтініш.

Қоғамдық дискуссия жасасын!

Айдана Шотбайқызы

16 ч. ·

facebook.com парақшасынан 

Көрілген: 595    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.02.2019, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30