Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Аузыңдағы сөзіңді дұрыс сөйлемесең, өзіңе де жауап сондай болады

21 қазан 2021, 15:15

Автобуста келем. Бір әйел отырды. Қызы кіргенше қасына мен отырып үлгердім.Ала көзімен қарады. Ашуы көмейіне лықсып келгенін байқадым. "Кірмейсің бе тезірек" деп ашулы үн қатты қызына. Сосын қарсыда жас бала отыр еді "Әй, бала орын берсеңші" деді зекіп. Ана жеткіншек тұрып орын берді. Қызы сондай шамалас енді. " Сұрамасаң бермейді бұлар" деп сөйлеп отыр бұрқылдап. Ойлайм да неге ашуланды? Қызы қартайып тұрған жоқ, екіқабат емес, мүгедек те емес. 
"Менің атым шөп жесін, сенің атың тұра тұрсын" деген пиғылды көп адамнан байқаймын.
Егер ашуланбай-ақ "Балам, орын бере қойшы" десе, жақсы ғой, иә. Біз қалай сөйлеу керектігін білмейміз. Әр адамның эгосы бар. Соған тиіп кетпей мәдениетті, жылы-жылы сөйлесек, бәрі де жақсы болар еді. Қайта ана бала үндемеді. Бірақ соны ана әйел тәрбиелікке балап тұрған жоқ. Берсе де, сөйлеп отыр. Сөз - құдіретті күш. Аузыңдағы сөзіңді дұрыс сөйлемесең, өзіңе де жауап сондай болады.Сөйлеп үйренейікші!

facebook.com парақшасынан