Сен тұр - мен айтайын!

Автобус жүргізушісінің ізгі ісін мен де бесеудің санасына дән қып сеуіп кеттім

  • Автобус жүргізушісінің ізгі ісін мен де бесеудің санасына дән қып сеуіп кеттім

    Автобус жүргізушісінің ізгі ісін мен де бесеудің санасына дән қып сеуіп кеттім

Кеше үйге кештеу қайттым. Жолда үш қыз қол көтеріп тоқтатты. "Аға Восток 500"- дейді. Мәшінеме отырғаннан кейін, "аға тағы 2 қыз шығу керек еді. Күте тұрайықшы"- дегені. Сәлден кейін қалған екеу келіп, сол бесеумен көлігім орынан ауыр қозғалды. Сұрастырсам, қалада пәтер жалдап тұратын студент қыздар екен. Тойханада таңнан кешке дейін даяшы боп істеп, күндік ақысын (3 мың теңге деді) алып шыққан түрлері.

Бесеудің біреуі көз жасын көл қылып отыр. Тойхананың әкімшісі онымен қалжыңдасамын деп, күндік ақыға 500 теңге ұстатыпты. Азаннан түн ауғанға дейін тынбай қызмет істеген нәзік қыздың жүрегі әлгі мазаққа шыдамай, жылап жіберіпті. "Жаным сен сондай нәзіксің. Жүрегіңе алып қала саласың. Мен болғанда әлгі 500 теңгені басына қаптар едім"- деп құрбысы жұбатып жатыр. "Мен біреуге қарсы қатты сөйлей алмаймын"- дейді әлгі көз жасын сүртіп жатып.

"Үйде шампунь бар ма еді? Шомылып алмасам, Северге кафеге қалай барам мына түрмен? Таныстың бәрі сонда жүр ғой"- деді алдында отырған денелі келген қыз қопалдау сөйлеп. Қалған екеуі үнсіз. Шаруларының бәрі соткада.

"Шампунь таусылған. Кішкентай пакеттегісін ала салу қажет. Үшеумізге жетер. Айтпақшы, саған жұртқа қарап қатты сөйлеуді мен үйреттім иә" деді әлгі құрбысын жұбатқыш қыз. "Қайдағы, күлкімді келтірмеші"- деп жауап қатты алда отырған алып.

Осы қысқаша диалогтың барысында бүткіл студенттік өмірім көз алдымнан жүгіріп өтіп, еріксіз күліп жібердім.

Байқайсам бес құрбы, бесеуі де бес түрлі. Түрлі кейіпкерлер бар!

Кенет құрбысын жұбатқышы інісіне қоңырау шалды. "Қайда жүрсің? Жұмыста? Не жұмыс? Охранник? Құдайым-ау, сен охранник болмашы. Сені ертең-ақ ұрып кетеді ғой. Қанша істедің бүгін? 4 мың? Мың теңгесін маған тастап кет"- деп телефонды қойды. Бірақ әңгіме онымен бітпеді. "Ілмейіп алып охранник болмақшы. Біреулер ұрып кетсе қайтеді"- деп бұрқылдап отыр. "Төбелес болса, мені шақырсын"- деді алдындағы алып.)

Әңгіме бұзау емізер деп, қыздардың пәтеріне жақындап қалыппыз. Оны қыздардың тыпыршып, бір-бірінен тиын жинай бастағанынан байқадым. "Мә е" деп, алдағы дәу артындағы жұбатқыштың қолына тиындарын ұстата салды. "Бұ жолы мен жинамайақ қояйыншы. Кеше де мен жинадым ғой" деп ол шыр-пыр боп жатыр.

"Не жинап жатсыңдар? Теңгелерің қажет емес"- дедім осы сәтте мен.

Сол уақыттағы ана бесеудің түрін көрсеңіз ғой. Түк түсінбей дал!)))

"Аға ойнап жатыр"- деді алдағы үлкен. "Мен не қалжыңдасатындай күліп айтып отырмын ба"- деп сұрадым одан." Еркекше ме"- дегендей дәуің қолын ұсынып қояды. Екеуміз қол алысқаннан кейін бесеу көрден бабалары тіріліп келгендей қуанды.)

Бес жүз-ақ теңге иә? Аллаға мыңда бір шүкір "бес жүз-ақ теңге" дейтін күнге жеткізгеніне. Ойлап қарасаң, сол бес қаракөздің шынайы қуанышы 500-ден де қымбат қой. Ол 500 менен гөрі сол бес қарындасқа керегірек.

"Біз бұрын студент кезде үлкен кісілер бізді де тегін жеткізіп салатын. Әлі есімде, Кентауға кластасымның туған күніне баратын болып жолға шықтық. Сонда автобустың жүргізушісі қасымдағы досым екеумізге, сен екі студентке 20 теңге скидка жасаймын. Қазір бір бөлке 20 теңге тұрмай ма? Нан алып жерсіңдер"-дегені.

"Рас па, менің өмірімде бұрын бұндай болған емес. Бұл бірінші жағдай"- деді әлгі жұбатқыш қыз. "Аға ертең де сол тойхананың қасына келіп бізді күтіп тұра аласыз ба"- деп қалжыңдап ірі денелі бойжеткен де көліктен түсті.)


Пы.Сы: "Жаратушы бергенге береді"- деуші ме еді? Енді мен онымен есептесіп жүргенім жоқ. Осыдан он жыл бұрын менің миыма сіңіріп кеткен әлгі автобус жүргізушісінің ізгі ісін мен де бесеудің санасына дән қып сеуіп кеттім деген үміттемін!


Арай Есенбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 894    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 11:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31