Сен тұр - мен айтайын!

Әй, қазақ! "Біріңді бірің ДОС" көрмесең де, тым болмаса, жамандамашы

  • Әй, қазақ!

    Әй, қазақ! "Біріңді бірің ДОС" көрмесең де, тым болмаса, жамандамашы

Әй, қазақ! "Біріңді қазақ, бірің ДОС" көрмесең де, тым болмаса, біріңді бірің жамандамашы.

Бейсен Құранбек

 

Өткенде бір інішек: «Екі жапон қосылса бірігіп компания құрады. Екі қазақ қосылса үшіншісін жамандайды» деп қарап тұр. Қатты айтып, тиып тастадым.

 

Өкпелеп қалды, білем&hellip

 

Соның ертесіне ел алдында жүрген бір азаматтардың ортасына түсіп қалдым. Сонда ортамызда жоқ ел алдында жүрген басқа бір азаматтардың атына ауыр сөздер айтылды. Шыдай алмай, бұл жолы да сөзге араластым:

 

&ndash Кім қателеспейді? Кім адаспайды? Ағат басқандардың бәрін айыптай берсек, айналып үйірін тапқандарды сыртқа тепсек, олар амалсыздан қас болмай ма? Сөйтіп жауласып, бір-бірімізді дос көрмесек, ісіміздің бәрі бос болмай ма, жүрегіміз тас болмай ма?

 

Ол азаматтар да көңіліне алып қалды, түсінем&hellip

 

Ата мен апаның тәрбиесін көргендіктен бе, адамның көңіліне қарағышпын. Бұған дейін ондай ұнамайтын әңгімелерді естігенде үндемей қоя салатынмын. «Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады» демекші осы екі жайт менің ішімдегі шыдам шөлмегінің шытынағанын көрсеткендей.

 

Менің де жастықпен, мастықпен басқалар туралы ғайбат айтқан кездерім болған. Бірақ соңғы он жылда өзіме ешкімді ЖАМАНДАМАУ, ЖАЗҒЫРМАУ, АЙЫПТАМАУды ұстаным етіп алдым. Өйткені, өзімнің де, өзгелердің де періште емес екенін түсіндім. Әркім өз түсінігі, білімі, ақылы, тәрбиесі, пайдасы тұрғысынан әрекет ететінін ұқтым. Бірақ, осы біздегі бір-бірімізді көре алмаушылықтың, жақсыларды жамандаудың, таланттарды тұсаулаудың түп-төркіні қайда екенін ұға алмай жүретінмін. Кеше Ғани досыммен әңгімелесіп отырып, санама саңылау түсті.

 

&ndash Үйге келіп, теледидарды қосып едім, кино болып жатыр екен, &ndash деп әңгімесін бастады Ғанекең. &ndash Орталанып қалыпты. Сонда бір ақ нәсілді бай америкалық өзінің афроамерикалық құлына өлімнен құтқарғаны үшін бостандық береді. Сөйтіп, оны қалыңдығын әкелу үшін қасына дос қып ертіп алады. Екеуі бір ақ нәсілді америкалықтың үйіне келеді. Оның да қара құлдары бар екен. Солардың басшысы еңгезердей бір афроамерикалық екен. Ол ақ нәсілдінің қасындағы еркін жүрген, жақсы киінген қандасын көріп, оны танымаса да жақтырмай қалады. Бірден қожайынының құлағына сыбырлап: &ldquoМынаған сенуге болмайды, пәлен-пәштуен&rdquo деп көңіліне күдік дәнін себеді. «Дәл осы жерде басыма сарт ете қалды, біздегі көре алмаушылықтың тамыры қайдан басталатыны», &ndash деп Ғанекең маған қарағанда, мен де басымды шайқай бердім. Міне, мәселе қайда жатыр? Құлдық сананың салдары ғой бәрі.

 

Иә, бір-бірін жамандау біздің бұрынғы батыр бабалардың бойында жоқ ғадет еді. Олар «білген сырын сыртқа жаймайтын, сыртынан бір ауыз сөз айтып күлмейтін». Екіжүзділік ездің еншісі деп білетін. Түз тағысындай мықты, сексеуілдей қатты еді. Патшалық Ресей отарлаушылары оларды біріне-бірін айдап салып талатты, бір-біріне ұрып сындырды. Солай биледі, жаншып-төстеді.

 

Совет өкіметі де осы саясатты шебер пайдаланды. Игі жақсыларды біріне-бірін аңдытты, қаматты, аттырды. Бастапқыда олар өзінің қарақан басын аман сақтау үшін осындай қадамға барса, кейіннен бойлары үйреніп кетті. Сөйтіп келе, бір-біріне сенбей күдікпен қарау, алдыға озып бара жатқанның аяғынан шалу, дараланған тұлғаға тас лақтыру, біреуді сырттай жамандау арқылы өзін жақсы етіп көрсеткісі келу &ndash ұлттық мінездің бөлшегіне айналды.

 

Тәуелсіздікке, еркіндікке қолымыздың жеткеніне ширек ғасырдан асса да, осы шикіліктен: ҚҰЛДЫҚ САНАдан әлі арыла алмай келеді екенбіз ғой&hellip

 

Әзірге, Абай айтқандай, бір-бірімізді дос көрмей-ақ, жақсы көрмей-ақ қоялық. Тек ЖАМАНДАМАйықшы, бауырлар!

 

Қашанғы құл боламыз?..

 

Автор: Бейсен Құранбек

 

 

 

Саят Ыбырай

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 




Көрілген: 978    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31